"Қожайындар", "Қаратас ауылындағы оба" фильмдерімен танымал қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов "Как отмыть культуру. Министр" атты деректі фильмді түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қожайындар", "Қаратас ауылындағы оба" фильмдерімен танымал қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов "Как отмыть культуру. Министр" атты деректі фильмді түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, режиссер деректі картинаны екі жылға жуық уақыт түсіріпті. Фильмде деректер, сұхбаттар, жарияланымдар мен эксклюзив репортаждар кездеседі. Режиссер фильмде еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын ашып көрсетеді. Ержановтың айтуынша, деректі фильмнің тақырыбы өзгеше, тіпті фильмнің жанрын сатиралық деуге болады. Алайда, фильмде тек деректер мен оқиғалар баяндалады екен.
"Фильм соңғы үш жылдағы біздің мәдениетімізде болған оқиғаларды қамтиды. Құжаттардан құралған эссе деп те айтуға болады. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік орган қоғамды мәдениеттен қорғайды, дегенмен ол мәдениет туралы қоғамға жеткізіп отыруы тиіс. Ол үшін шенеуніктер шығармашылықпен айналысатын адамдарға біраз көңіл бөліп, мысалы, жас суретшілермен әңгімелесіп, олардың өзін-өзі көрсетуіндегі бостандықтың ролін түсінуі қажет - біз сол үшін осы деректі фильмді түсірдік", - деді режиссер.
Сонымен қатар, Әділхан Ержанов қазақстандық мәдениеттің проблемасы деп мемлекет пен шығармашылықпен айналысатын адамдардың арасында байланыстың жоқтығын атады. "Тек тапсырыспен орындалатын фильмдер бар. Мысалы, "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінде өнердің маңызды екені көрінбейді", - деді ол.
Айта кетейік, қазақстандық "Как отмыть культуру. Министр" фильмінің таныстырылымы қыркүйек айында өтеді. Ал әлемдік алғашқы көрсетілім Францияда өтеді.