Ағылшын компаниясы Қазақстанда Шыңғыс хан туралы кино түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағылшын компаниясы Қазақстанда Шыңғыс хан туралы кино түсіреді "Моңғол" фильмінен кадр, режиссері Сергей Бодров

Ұлыбритания кинематографшылары Қазақстан аумағында Шыңғыс хан туралы және Иса пайғамбар туралы фильмдер түсірмекші, - деп хабарлайды Kinostan.kz басылымы. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі) кинокомпаниясының басшысы Кент Уолвин арасында өткен кездесуде белгілі болды.

Қазақстан аумағында бірқатар мюзиклдер, көркем және деректі фильмдер түсіру жоспарланған. Соның ішінде, жобалық атауы "Шыңғысхан және Иерусалим серілері" көркем кинофильмін, Иса Пайғамбардың "белгісіз жылдары" туралы көркем және деректі фильмдер түсіру негізгі мақсаттардың бірі.

"Түсіруге ниет білдіріп жатқан фильмдердің бірі - жас Шыңғыс хан туралы тарихи сипаттағы көркем фильм. Фильмде жас Шыңғыс хан - Темучин Батыс Еуропаның крест жорығына қатысушы серілерімен кездеседі және бұл кездесу болжам бойынша қазіргі Қазақстан аумағында орын алған болатын", - дейді Кент Уолвин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети