"Айка" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілер тізімінде тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Айка" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілер тізімінде тұр © REUTERS/Jean-Paul Pelissier

Сергей Дворцевойдың "Айка" атты фильмі Қазақстан атынан "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің лонг-листіне кірді. Бұл туралы жүлденің сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Дворцевойдың "Айка" атты фильмі Қазақстан атынан "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің лонг-листіне кірді. Бұл туралы жүлденің сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы санат бойынша "Оскар" жүлдесінен үміттілердің қатарында Константин Хабенскийдің - "Собибор", режиссер Дарья Жуктың белорустік лентасы - "Хрусталь", украиналық режиссер Сергей Лозницаның - "Донбасс" фильмі , қытай режиссері Цзян Вэннің Hidden Man фильмі бар. 

Жүлдеден үміттілердің қатарына кіретін бес картинаның аты 22 қаңтарда айтылады, жүлде 24 ақпанда "Оскардың" 91-нші салтанатында табыс етіледі.

"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети