Ақан Сатаев "Елбасы жолы" киноэпопеясының жаңа бөлімін түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақан Сатаев "Елбасы жолы" киноэпопеясының жаңа бөлімін түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, фильм түсіру жобасы жақында ғана басталған. "Қазіргі уақытта біз дайындақ шараларын жүргізіп жатырмыз - дайындық және сценарий жазу. Егер қысқаша тоқталар болсақ, бұл Елбасының ел астанасын Астана қаласы етіп ауыстыру кезеңі туралы түсірілмекші", - деді режиссер.
Басқа да мәліметтер айтылмады. Фильмге кастинг кейінірек жарияланады екен.
Еске салайық, осыған дейін қазақстандықтар "Елбасы жолы" киноэпопеясының бес бөлімін тамашалап үлгерді. Соңғы болып 2016 жылы "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі түсірілді. Фильмде 1980 жылдары қазақ халқының Кеңес Одағында өмір сүрген кезеңі, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекетке айналуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайлануы түсірілген. "Жұлдыздар тоғысқанда" фильміның алдында мынадай картиналар шықты: "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен", "Темір тау", "Елбасы жолы".