Танымал режиссер Ақан Сатаев Назарбаевтың "Анаға апарар жол" фильмінен қандай әсер алғанын айтып берді. Айта кетейік, 1 наурызда Астанада Алғыс айту күніне орай осы фильмнің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал режиссер Ақан Сатаев Назарбаевтың "Анаға апарар жол" фильмінен қандай әсер алғанын айтып берді. Айта кетейік, 1 наурызда Астанада Алғыс айту күніне орай осы фильмнің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы картина жұмысына мақтау айтты. Ол фильмнің түсірілім жұмыстарына қызығушылық танытты. Бізге сәттілік тіледі", - деді режиссер.
"Президент барлық жағдайға түрлі жағынан қарайды, ол әлдеқайда көп ақпарат біледі, саяси, экономикалық процестерден хабардар. Ол солардың барлығын басқарады. Жасаған еңбегің осындай талаптардан шығып жатса, бұл адамға үлкен күш пен сенім береді. Яғни, бұл саған артылған сенімнің ақталғанын, елге пайдасы тигенін көрсетеді. Менің ойымша, әрбір адам мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуы керек", - деді режиссер.
"Анаға апарар жол" картинасы өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген адам жайында. Ол жастайынан үйінен кетіп, соғысты, тұтқындарға арналған лагерьді көреді, түрлі қиындықтарға тап болады. Осы жылдар ішінде ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.
Тарихи картинаның соңғы кадрлары Алматы облысындағы "Шамалған" бекетінде түсірілді. Айта кетейік, Жеңістің 70 жылдығына арналған лентаның түсірілім жұмыстары Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда өтті. Баку мен Минскте картинаның негізгі ұрыс эпизодтары, соның ішінде "Днепрді алу" көрінісі түсірілді.
Ананың ролін театр және кино актрисасы Алтынай Нөгербек сомдады. Сонымен қатар, картинада басты рольдерде Әділ Ахметов ("Қара шаңырақ"), Аружан Жазылбекова ("Ограбление по-казахски") және Еркебұлан Дайыров ("Бауыржан Момышұлы") сияқты әртістер ойнады. "Оралу" картинасының сценарийін Тимур Жақсылықов жазды, музыкалық жұмыспен белгілі композитор Ренат Гайсин айналысты. Ақан Сатаевтың бұл фильмі прокатқа 2015 жылдың желтоқсанында, Тәуелсіздік күні қарсаңында шығады. "Оралу" фильмі "Казақфильм" киностудиясының Satai Film мен "Новый мир продакшн" студияларымен бірге жасаған жобасы.