05 қазан 2016 | 15:53

Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" картинасы "Евразийский мост" фестивалінде бас жүлде алды

"Анаға апарар жол" фильмінің кадры

Режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" атты картинасы Ялтада өткен "Евразийский мост" фестивалінің бас жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық фестиваль биыл Қырымда алғаш өтіп отыр. Басты рөлде ойнаған Алтынай Нөгербек "Үздік әйел рөлі" аталымы бойынша жүлделі болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" атты картинасы Ялтада өткен "Евразийский мост" фестивалінің бас жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық фестиваль биыл Қырымда алғаш өтіп отыр. Басты рөлде ойнаған Алтынай Нөгербек "Үздік әйел рөлі" аталымы бойынша жүлделі болды.

Реклама
Реклама

Фестивальді құру идеясы белгілі ресейлік режиссер Никита Михалковқа тиесілі. Фестивальге Ресей, Украина, Беларусь, Италия, Германия, Сербия, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Үндістан мен Армениядан кинематографистер қатысты. Конкурстық бағдарламаға 12 фильм іріктеп алынды, оның ішінде екеуі қазақстандық - Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" және Нұртас Адамбайдың "Тараз" фильмі. Конкурсқа қатысушыларды үндістандық Талакаду Сринивасаях Нагабхарана басқарған халықаралық деңгейдегі қазылар сынады. 

Қазылардың арнайы жүлдесі ресейлік режиссерлер Ольга Веремеева мен Елена Давыдованың "Прикосновение ветра" атты туындысына берілді. Үздік режиссура үшін жүлдені германиялық Марин Адэ "Тони Эрдманн" атты еңбегі үшін алды. Ал үздік ер адам рөлі үшін жүлде "Венецианские львы" фильмінде ойнаған Нери Маркореге бұйырды.

Еске салайық, қазақстандық фильмнің түсіріліміне Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов пен Еркебұлан Дайыров қатысты. Қыркүйектің соңында "Еуразия" халықаралық кинофестивалі аясында Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясының алғашқы "Тұлпар" жүлдесі табысталды.

Айта кетейік, фильмде ойнаған Мәриям атты басты кейіпкерді сомдаған Алтынай Нөгербек өз қызына осы атты берді. Фильмге ана махабатының күші негіз болды. Оқиға отызыншы жылдардан басталып, осы күндерге дейін жалғасады. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңдерде: ұжымдастыру, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі ауыр уақытта өтеді.

Тарихи драманың түсірілімі Қазақстанда, Беларусь пен Әзірбайжанда өтті. "Днепрді алу" атты соғыс көрінісіне 500 адам мен әскери қарудың 300 данасы тартылды, сонымен бірге, каскадерлер қатысып, пиротехника қолданылды. Туынды Қазақстанда 29 қыркүйекте көрсетілімге шыққан болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная