АҚШ президентінің Мишель Обамамен алғашқы кездесуі жайлы фильм түсіріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

АҚШ-та Барак Обама мен оның әйелі Мишель Обаманың алғашқы кездесуі жайлы фильм түсіріледі, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та Барак Обама мен оның әйелі Мишель Обаманың алғашқы кездесуі жайлы фильм түсіріледі, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Режиссер Ричард Таннидің Southside With You деп аталатын фильмі Гарвард университетінің заң мектебінде оқып жүрген Барак Обама мен Мишель Робинсонның алғашқы романтикалық қарым-қатынасының бастапқы кездері жайлы баяндайды. Барак Обаманың жас кезін кім ойнайтыны әзірше белгісіз. Ал Мишельдің ролі актриса Тика Самптерге бұйырды. Фильмнің түсірілім жұмыстары 2015 жылдың шілде айында басталады.

Барак пен Мишель Обамалар 1992 жылы отау құрды. Екеуі 1989 жылы, Барак Обама "Синдли Остин" компаниясында қызмет жасап жүрген кезінде танысқан. Бірінші кездесуде олар Чикаго көшелерінде қыдырады, Чикаго өнер институтының мұражайына барады, содан кейін жастар режиссер Спайк Лидің "Делай как надо!" деп аталатын фильмін көрген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro