АҚШ-та Пол Уокердің соңғы түскен фильмі "Форсаж 7" (Furious 7) прокатта көш бастады. - деп хабарлайды Boxoffice.
АҚШ-та Пол Уокердің соңғы түскен фильмі "Форсаж 7" (Furious 7) прокатта көш бастады. - деп хабарлайды Boxoffice.
Таныстырылымы болған демалыс күндері басты рольдерін Вин Дизель, Пол Уокер, Джейсон Стейтем және Дуэйн Джосон ойнаған фильм 143,6 миллион доллар табыс тапты. Бұған дейінгі бөлімдері 144 (2001), 127 (2003), 62 (2006), 155 (2009), 209 (2011) және 238 (2013) АҚШ доллар көлемінде пайда тапқан болатын. Еске салайық, "Форсаж" фильмінің жұлдызы Пол Уокер 2013 жылдың қараша айында жол апатынан қаза болды. 40 жастағы актер оның досы Роджер Родас басқарып келе жатқан Porsche GT спорткарында болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, автомобиль бағанаға соғылды.
"Форсаж 7" фильмінің трейлері
Екінші орында Dreamworks Pictures киностудиясының "Үй" (Home) компьютерлік анимациялық фильмі. Прокаттың екінші аптасында О мен Дар есімді қыздың оқиғасы 27,4 миллион доллар табыс тапты. Айта кетейік, фильм жалпы көлемде 180 миллион доллар пайдаға қол жеткізіп отыр (оның ішіндегі 95 миллионы АҚШ-та). Фильмге 135 миллион доллар қаржы жұмсалған еді.
"Үй" фильмінің трейлері
Тізімнің үшінші орнында екінші аптада 12,9 миллион доллар қаражат түсірген "Бекем бол!" (Get Hard) фильмі тұр. Уилл Фаррел және Кевин Харт ойнаған картина жалпы 67 миллион доллар кіріс алып отыр (оның ішінде 57 миллионы - АҚШ-та). Айта кетейік, фильмнің түсірушілері туындыға бар-жоғы 40 миллион ғана жұмсапты.
"Бекем бол!" фильмінің трейлері