17 қараша 2015 10:14

Актер Чарли Шин қатерлі дертке шалдықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливудтық актер Чарли Шин АИВ (ВИЧ) жұқтырғанын мойындауға ниетті, бұл туралы америкалық таблоид TMZ хабарлады.


Голливудтық актер Чарли Шин АИВ (ВИЧ) жұқтырғанын мойындауға ниетті, бұл туралы америкалық таблоид TMZ хабарлады.

Актер бұл ойын 17 қараша күні кешке "Сегодня" бағдарламасының эфирінде жүзеге асырмақшы. БАҚ мәліметінше, ол инфекцияны осыдан екі жыл бұрын жұқтырған, алайда ол ескертіп айтпастан, жыныстық қатынасқа түсуін жалғастыра берген. Оның ағзасындағы вирусты соңғы уақытқа дейін байқау мүмкін болмағаны туралы нұсқа бар.

Айта кетейік, актердің жақын достары мен әріптестері оған қолдау көрсетуге шақырып отыр. "Чарли Шин - тірі аңыз. Оның байлығы - бізді 30 жылдан аса уақыт бойы күлдіргені. Оны танитындар оның тартымды, жомарт әрі батыл адам екеніне келіседі", - деді Шиннің іскер серіктесі Боб Марон.

Чарли Шин (шын аты Карлос Эстевес) "Взвод" және "Уолл-стрит" фильмдеріндегі ролінен кейін танымалдыққа ие болды. Ең соңғы ролінде ол әкесі Мартин Шинмен бірге ойнады. Сонымен қатар, ол "Горячие головы" комедиясындағы ролімен аса танымал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети