Мәскеуде Ресейдің халық әртісі Игорь Кашинцев қайтыс болды, - деп хабарлайды Lenta.ru актер 20 жылдан аса қызмет еткен Маяковский атындағы театрға сілтеме жасап.
Мәскеуде Ресейдің халық әртісі Игорь Кашинцев қайтыс болды, - деп хабарлайды Lenta.ru актер 20 жылдан аса қызмет еткен Маяковский атындағы театрға сілтеме жасап.
Игорь Кашинцев жұма күні, 11 желтоқсанда 83 жасында өмірден өтті. "Игоря Кашинцевтің жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Ол жадымызда мәңгі сақталады", - делінген хабарламада. Халық әртісімен қоштасу рәсімі 14 желтоқсанда театр ғимаратында өтеді. Ол Мәскеуде жерленеді.
Игорь Кашинцев 1932 жылы 17 маусымда дүниеге келген. 1955 жылы МХАТ мектеп-студиясын аяқтағаннан кейін актер Кеңес Әскерінің Орталық театрында қызмет етті. Кейін ол Германияда Кеңес әскерлері тобының театрында, Жаңа драматикалық театрда, Чехов атындағы Сатира және МХАТ театрында жұмыс істеді. 1993 жылы Маяковский атындағы театрға ауысты.
Игорь Кашинцев кинода 120-дан аса рольді сомдаған. Ол "Золотой теленок" (1968 год), "Следствие ведут знатоки" (1971 год), "Пираты XX века" (1979 год), "Эскадрон гусар летучих" (1980 год), "Мертвые души" (1984 год), "Спасите наши души" (1987 год), "Визит дамы" (1989 год), "Дураки умирают по пятницам" (1990 год), "Петербургские тайны" (1994 год), "Марш Турецкого" (2000 год) сияқты кинолардағы ролімен танымал болды. 2003 жылы оған Ресейдің халық әртісі атағы берілді. 2008 жылы актер Достық орденімен марапатталды.