Бибігүл Ақтан "Томирис" фильмінің түсіріліміне каскадер ретінде қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы актрисаның өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазған.
Бибігүл Ақтан "Томирис" фильмінің түсіріліміне каскадер ретінде қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы актрисаның өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазған.
"Құрметті достар! "Томирис" жобасына каскадер ретінде қатысып жатырмын! @nomadstunts командасына мүше болғанымды мақтан тұтамын. Сіздерге түсірілім суреттерін ұсынып отырмын. Мен Сардананың костюміндемін - Амазонкалардың басшысын алмастырамын", - деп жазыпты ол Instagram желісіне.
© Бибігүл Ақтанның Instagram парақшасынан
Фильмнің түсірілімі 2018 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс. "Томирис" тарихи фильмінің түсірілімімен "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірге айналысып жатыр. Фильмде біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы Томирис патшайымның Кир патша бастаған парсы әскерін күл-талқан еткені баяндалады.