06 сәуір 2017 | 09:56

"Алғашқылар дәуірін" қазақ тіліне дубляждау мен үшін маңызды болды - Тимур Бекмәмбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Бекмәмбетов Алматыда "Алғашқылар дәуірі" атты жаңа фильмін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Тимур Бекмәмбетов Алматыда "Алғашқылар дәуірі" атты жаңа фильмін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, режиссер Дмитрий Киселевтің және оператор Владимир Баштаның "Алғашқылар дәуірі" фильмі - адамзаттың тұнғыш рет ғарыш кеңістігіне аттанған "Восход-2" ғарыш кемесінің ұшуы жайындағы шынайы тарихы. BAZELEVS студиясының шығармашылық тобы заманауи технологиялар көмегімен Алексей Леонов (Евгений Миронов) және Павел Беляевтың (Константин Хабенский) ұшу мән-жайларын, драмалық оқиғаларын және экипаждың жерге оралуын қайта жаңартады.

Фильмге продюсер болған белгілі режиссер Тимур Бекмәмбетов картинаның қазақ тіліне дубляждалғанына қуанышты екенін айтты.

"Өте қуаныштымын. Фильмді бірден екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде жасау мүмкіндігі туғанда бұл мен үшін өте маңызды болды. Мұның символдық та маңызы бар, себебі мен Қазақстанда туып, 17 жасыма дейін осында өстім. Сол уақыттарда қазақ тілінде фильмдер жоқ еді. Аударылмайтын да, назар аударыла да бермейтін еді. Салдарынан өз тілінде өте нашар сөйлей алатын мен сияқты адам пайда болды. Шынымды айтсам, актерлерді мен бекіткен жоқпын, осындағы жұмысшылардың кәсібилігіне сендім", - деді Тимур Бекмәмбетов Алматыдағы "Алғашқылар дәуірі" ("Время первых") фильмінің таныстырылымында. 

Дубляж режиссері Айжан Жамшитованың айтуынша, "Время первых" картинасын қазақ тіліне екі адам аударған, олар - аудармашы мен редактор. Аудару барысында, айтуынша, қиындықтар болмаған. 

"Мен үшін фильмді аудару құрмет. Қысқа мерзімде актерлердің шебер ойынын дубляждау қажет болды, екі аптада, анығында 15-20 күнде. Иә, қиындықтар болды. Ең басты қиындық актерлердің ойынын дубляждау, сюжет желісін сақтау болды, себебі аударма сапалы болуы керек. Ғарыштағы салмақсыздық сеансын дубляждағанда актер өзін ғарышта тұрғандай сезінуі үшін сол сияқты атмосфера жасауымыз қажет болды. Беляев пен Леоновтың капсуланы басқарған сәті өте әсерлі болды, біздің актер дубляждай алмады, себебі өте көп күш қажет еді. Сосын мен оған миллиметрге қателессең Қытайда немесе орбитада қалып қоясың дедім. Ол дереу есін жиып, сезіне бастады. Екі аптада аяқтадық", - деді Жамшитова.

"Бала кезімде ғарышкер болуды армандадым, арманым осында орындалып отыр. Алексей Леоновты дубляждау ерекше әсер берді", - деді Азамат Қанапияев. 

Тимур Бекмәмбетов фильмнің бюджеті жайлы айтып берді. 

"Ақшаға келер болсақ, біздің фильмге қолдау білдірген тамаша қор бар, бұл - Ресей киносы қоры. Қаражаттың бір бөлігін осы қордан алсақ, қалғанын "Елки" фильмінен түскен табыстан алдық. "Елки" фильмін жақсы көретіндеріңіз үшін алғыс, жыл сайын осы фильмге барасыздар, сондықтан осы фильмнің табысын ірілеу жобаларға жұмсайтын мүмкіндігіміз бар. (...) Тәуекелге бардық, қарызға алған қаражат та бар, оны кейін қайтару керек. Картинаның бюджеті - шамамен 10 миллион доллар", - деді Бекмәмбетов.

Тимур Бекмәмбетовтың айтуынша, фильмді дайындауға үш жыл қажет болған. Бастапқыда картинаны Сергей Бодров түсірген, бірақ, продюсердің айтуынша, оның жоспары өзгеріп, фильмді режиссер Юрий Быков қолға алған. Содан кейін "Алғашқылар дәуірі" фильмін Бекмәмбетов қолға алып, картина қайта түсірілген.

"Мұндай шешуші қадамдарды жасауымызға бір маңызды жағдай себеп болды. Бірінші кезекте біз бұл фильмді бір көрерменге, сосын сіздерге дайындадық", - деді Бекмәмбетов.

Айтуынша, фильм аңызға айналған ғарышкер Алексей Леоновқа ұнамаса, картина прокатқа шықпай қалуы мүмкін болған. 

"Біз ештеңені ойдан құрастырмадық. Леоновпен тоғыз сағатқа созылған әңгімені және биографиясын алдық да, жұмысқа кірісіп кеттік. Тарихтың шындығына кедергі болатын дүниенің барлығын алып тастап отырдық. Леоновтың бойы сәйкес болмады, бойы үш сантиметрге биік болды, мұны көп адам біле бермейді. Сосын ол бұл мәселенің маңызы жоғалғанын күтіп, кейін ғарышқа ұшты. Таяуда ғана ұшу туралы құпия мәліметтер жария болды, сол құжаттармен танысып шықтым, бүге-шігесіне қарап шығуға тырыстым. Фильмде әсірелеп берілген қойылымдар бар, бірақ ештеңені ойдан құрастырмадық", - дейді режиссер Дмитрий Кисилев.  

"Алғашқылар дәуірі" фильмінің түсірілімдеріне арнайы мәскеулік кинопавильондарда "Восход-2" кемесінің екі макеті жасалды, бұл іші-сыртынан шын мәнінде ғарышқа ұшқан ғарыш кемесінің барлық техникалық атрибутымен толықтай сәйкестендірілген макеттер. Түсірілімдерге "Восход-2" кемесінің қозғалмалы макеті құрастырылды, оның айналу, трансформациялану және қисаятын мүмкіндігі болған.

"Алғашқылар дәуірі" фильмі бүгін, 6 сәуірде Қазақстанның барлық кинотеатрында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіле бастайды. Қазақ дубляжының режиссері Айжан Жамшитова болды. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарын Азамат Қанапия (Алексей Леонов), Ғани Құлжанов (Константин Хабенский), Бақытжан Нұрпеисов (Сергей Королев) сыйлады. Барлығы дубляжға 25 актер қатысты. Жобаның ұйымдастырушысы - Marwin компаниясының қолдауымен "Болашақ" корпоративтік қоры.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети