"Алғыштар мен бергіштер" туралы бейнероликтің жалғасы түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алғыштар мен бергіштер" туралы бейнероликтің жалғасы түсірілді Видео кадры

"Қазақфильм" киностудиясының президенті, танымал режиссер Ақан Сатаевтың парақорлар туралы қысқа әлеуметтік ролигінің жалғасы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақфильм" киностудиясының президенті, танымал режиссер Ақан Сатаевтың парақорлар туралы қысқа әлеуметтік ролигінің жалғасы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысы бар адамдар туралы бейне ролик БАҚ пен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Бұл жолы киностудияның шығармашылық тобы "жалпылдағыштар" туралы айтып береді", - делінген хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

Бейнеролик ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үшін арнайы түсірілген. Бюджеті - 115 000 теңге.

Еске салайық, роликтің бірінші бөлімі 21 қаңтарда шыққан болатын. Видео Николай Дроздовтың "Жануарлар әлемінде" атты әйгілі бағдарламасының стилінде түсірілген. Онда бағдарламадағыдай көптеген адамға таныс музыканың фонында алғыштар мен бергіштер туралы әңгімеленеді. Ролик ұялы телефонға түсірілген, ал бюджеті 50 мың теңге. Басты рольдерді Талғат Сыдықбеков пен Ғайдар Гильманов сомдаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети