"Алиса айнаның арғы бетінде" картинасы DVD мен BLU-RAY-де қазақ тілінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Льюис Кэроллдың ұмытылмас кейіпкерлері қатысатын кезекті әсерлі оқиғасы болмақ. Алиса Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін өткен шаққа саяхатқа аттанып, Жер астының хикметті әлеміне қайта оралады.

Туындының режиссері Джеймс Бобин мен Тим Бертон "Ғажайып әлемдегі Алиса" фильмінде құрған өзгеше әлемге өзінің ерекше көзқарасын енгізді. Ал фильмнің сценарийін Льюис Кэролл ойлап тапқан кейіпкерлер негізінде Линда Вулвертон жазып шыққан.
Қазақша дубляждың режиссері болып, бұған дейін "Джунгли кітабы", "Күлбике", "Малефисента" фильмдерінің, "Көліктер" анимациялық мультфильмінің және басқа да туындылардың аудармаларында атсалысқан Айжан Жамшитова қатысты.
Дубляж отандық кәсіби "Aray Мedia Group" дыбыс жазу және дубляждау студиясында жүргізілген, соңғы жинақтау Лондон қаласындағы "Shepperton" студиясында жүзеге асырылды.
Дубляжға жиырмадан астам қазақстандық актерлар қатысты. "Алиса айнаның арғы бетінде" ("Алиса в Зазеркалье") фильмінің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын: Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), ҚымбатТілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири) сыйлады.
Айта кетейік, жобаны "Болашақ" Қауымдастығы "Меломан" компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.