Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында орналасқан "Қазақ хандығы" көпсериалы тарихи туындысының түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған "Сығанақ қаласы" декорациясында режиссер Рүстем Әбдіраштың "Алмас қылыш" фильмінің DVD дискісінің тұсаукесері өтті. Бұл диск қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар ағылшын тілінде субтитрлары бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында орналасқан "Қазақ хандығы" көпсериалы тарихи туындысының түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған "Сығанақ қаласы" декорациясында режиссер Рүстем Әбдіраштың "Алмас қылыш" фильмінің DVD дискісінің тұсаукесері өтті. Бұл диск қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар ағылшын тілінде субтитрлары бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген "Қазақ хандығы" киносериалының кинонұсқасы - "Алмас қылыш" фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және "CentauRus Rustem Abdrashev production" ЖШС-нің қатысуымен жарыққа шыққан. Бұл ауқымды жобаның идея авторы - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде түсірілген.
"Алмас қылыш" фильмінің тұсаукесері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы Астана және Алматы қалаларында өткен болатын. 2017 жылы 5 қаңтарда жалпыұлттық прокатқа шыққан толықметраж көркемфильм қазақстандық прокатта 72 миллион теңгеден аса қаражат жинап, көшбасшылар қатарынан көрінді. Жалпы алғанда 2,5 мыңнан астам сеанс болды, оның 60 пайыз қазақ тілінде, ал 40 пайыз орыс тілінде көрсетілді. Ал он сериалы "Қазақ хандығы" тарихи кинотуынды наурыз айында "31 арнадан" көрсетілген болатын.
"Алмас қылыш" фильмін көре алмай қалған және бұл фильмді қайта көргісі келетін көрермендердің сұранысы бойынша, біз "Меломан" компаниясымен бірлесе отырып осы фильмнің DVD дискін шығарып отырмыз. Дискіден фильмді қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар ағылшын тіліндегі субтитрлар арқылы көруге болады", - деді режиссер Рүстем Әбдіраш.
"Алмас қылыш" фильмі DVD дискісінің тұсаукесер рәсіміне қатысқандар: фильмнің режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдіраш, картинаның бас продюсері Арман Әсенов, "Қазақфильм" киностудиясы мен "Меломан" компаниясының өкілдері, сондай-ақ түсірілім тобы.
Сонымен қатар, режиссер Рүстем Әбдіраш "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымының түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдың қыркүйегінде басталатыны туралы айтып берді.
"Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтің дамуы мен рухани жаңғыруы төңірегінде өзекті мәселелерге тоқталып кетті. Біз - киногерлер мемлекетіміз бен ұлтымыздың рухани жаңғыруы жолында еңбек етеміз. Мақалада айтылған аспектілердің бірі - тарихқа бай өткенімізге үңілу. Төл тарихымызды тарихшылар зерттеп қана қоймай, қалың жұртшылық арасында кең насихатталуы тиіс. Тарихи сериалды жарыққа шығару - тарихымызды танудағы маңызды қадамдардың бірі", - деген Рүстем Әбдіраш сериалдың екінші маусымының дайындық кезеңі басталғанын айтты.
"Қазақ хандығы" сериалы халқымыздың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шығармашылық топтың атына көптеген алғыс хаттар келіп түсті, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы жылы лебіздер алдық. Көптеген пікірталастар болды және сын да айтылды. Осы жобаның жалғасы түсірілгенін біз де қарапайым көрермендер де қалап отыр. Мен үшін бұндай жобаны түсіру үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Сондықтан да, "Қазақ хандығы. Алтын тақ" деген шартты атаумен сериалдың екінші маусымын қолға алғанымыз туралы қуана хабарлаймыз", - деді режиссер.
Көп сериалы "Қазақ хандығы" көркемфильмнің жалғасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсіріледі.
Режиссердің айтуы бойынша, екінші маусымда оқиға Жәнібек ханның қайтыс болуына дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа маусымның сценарий авторлары да бұрыңғы сценаристер болмақ, олар: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов және Рүстем Әбдіраш. Сонымен қатар, режиссер екінші маусымда негізгі актерлерден басқа тағы 5-6 кейіпкердің қосылатынын мәлімдеді.
Фильм туралы: ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.
1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары - Керей мен Жәнібектің айналасына біріккен ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.
Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.