Алматыда Иран киносы апталығы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Иран киносы апталығы өтеді ©REUTERS

Алматыда Иран киносы апталығы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Иран киносы апталығы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иран киносы апталығында алматылық көрерменге бес үздік фильм ұсынылады - "Выдача", "Чужие", "Четвертый ребенок", "Синий шелковый путь" және "Только один". Көрсетілімге Ираннан келген кинопродюсерлер қатысады, оның ішінде "Фаджр" халықаралық кинофестивалінің директоры Мохаммед Хазайи, Пежман Лашгарипур және халықаралық кинофестиваль жетекшісі Реза Хазали бар. Олар қазақстандық мамандармен бірігіп жұмыс істеу туралы келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Иранда жыл сайын 100-ден аса түрлі жанрдағы фильм шығады. Иран режиссерлерінің туындылары Канн, Берлин, Венеция кинофестивальдерінде бірнеше рет беделді сыйлықтар алған, сонымен бірге "Оскар" сыйлығына үміткерлікке таңдалған. Иранның ең танымал режиссерлерінің бірі Маджид Маджиди өз фильмдерінде рухани байлықтың материалдық байлықтан маңыздырақ екенін көрсетеді. Оның белгілі туындыларының ішінде "Дети небес" және "Цвет рая" сияқты үздік фильмдер бар. Қазірде кинематографист "Плавающие сады" атты жаңа картинаны дайындап жатыр. Оны көрермендер 2015 жылы көре алады.  

Иран киносы апталығы 21-25 қазан аралығында өтеді. Фильм көрсетілімдері 19.00-де басталады. Кіру тегін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети