ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2017 | 11:46
Алматыда актер Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтті
Алматыда аты аңызға айналған актер Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда аты аңызға айналған актер Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті.
Құман Тастанбековпен қоштасу рәсіміне жүздеген адам келді: ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, халық әртісі Асанәлі Әшімов және тағы басқалары келді.
© Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, "Қыз Жібек" фильмінде Төлеген рөлін сомдаған Құман Тастанбеков 17 желтоқсанда дүниеден өткен еді.
Құман Тастанбеков Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының актері, Қазақ КСР Халық әртісі. 1945 жылдың 10 наурызында Талдықорған облысы Покатиловка ауылында дүниеге келген. 1969-1970 жылдары "Қыз-Жібек" фильмінде Төлегеннің рөлінде ойнады.
Сондай-ақ, осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтқан еді.
Показать комментарии
Читайте также