1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында" - Назарбаев Құман Тастанбеков жайлы

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің дүниеден өткеніне орай көңіл айтты.

Жеделхатта Құ манТастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

"Оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.