Алматыда белгілі кинематографистер үйі сатылымға шықты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon 607 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда кинематографистер үйі сатылымға шықты. Белгілі тарихи нысанды сату туралы хабарландыру жылжымайтын мүлік сайтында жарияланды. Ауданы 1 400 шаршы метр, құны - 900 миллион теңге, - деп хабарлайды Krisha.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда кинематографистер үйі сатылымға шықты. Белгілі тарихи нысанды сату туралы хабарландыру жылжымайтын мүлік сайтында жарияланды. Ауданы 1 400 шаршы метр, құны - 900 миллион теңге, - деп хабарлайды Krisha.kz.

Ғимарат Бөгенбай батыр (бұрынғы Киров) мен Зенков көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол 1941 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген. Кей мәліметтерге сәйкес, үй Абай атындағы ҚазПИ-дің профессор-оқытушылар құрамы үшін салынған. Алайда Ұлы Отан соғысы жылдарында онда мәртебелі кино қайраткерлері қоныстандырылған.

Атақты адамдардың арасында - режиссер, КСРО халық әртісі, профессор Борис Бабочкин, Кеңес киносының қайраткерлері Григорий Рошаль, Григорий Козинцев, Сергей Эйзенштейн, Всеволод Пудовкин, ағайынды Васильевтер, Иван Пырьев және басқалары бар.

Кинематографистердің иелігінде тек сегіз үш бөлмелі пәтер болған, сондықтан лауреаттар мен олардың туыстары, шамамен 70 адам, бірігіп отбасыларымен тұрған.

Үйдің ұзақ уақыт бойы бастапқы келбетті сақталды. Алайда 2000-жылдардың басында нысан қайта жаңартылып, коммерцияланды.

Сатушының өкілі ғимарат жөндеуді қажет етпейтінін хабарлады. Өрт дабылы мен бейнебақылау камералары орнатылған екен және тәулік бойы жұмыс істейтін күзет бар. Еске салсақ, бұған дейін сатуға қойылған басқа да атақты ғимараттар туралы хабарланған болатын. Олардың қатарында бұрынғы "Қазақстан" кинотеатры мен "Әсем" үйі бар.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
13°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю