05 қаңтар 2016 21:41

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Меңтай Өтепбергенов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меңтай Өтепбергенов "Исаев" фильмінде Ицувамо ролінде Меңтай Өтепбергенов "Исаев" фильмінде Ицувамо ролінде

5 қаңтарда Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Меңтай Өтепбергенов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Ол 69 жасында қайтыс болды. Актермен қоштасу рәсімі бейсенбі күні, 7 қаңтарда өтеді. 

Меңтай Өтепбергенов 1946 жылдың 7 тамызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудуданы Беген ауылында дүниеге келген.  Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылың клоунада және пантомима бөлімін (1968), Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974). 1969 -70 жылдары "Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті. 1974 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері болды. Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), тағы да басқа фильмдерінде ойнаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети