Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттап кетті © Almaty.tv

Алматыда кинотеатр иелері билет бағасын 30 пайызға дейін өсірген. Кәсіпкерлер мұны кинозалдардың жартысы ғана толуымен түсіндіріп отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кинотеатр иелері билет бағасын 30 пайызға дейін өсірген. Кәсіпкерлер мұны кинозалдардың жартысы ғана толуымен түсіндіріп отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімдіктегілер кинотеатрларда барлық қауіпсіздік ережесі сақталатынын айтады: кіреберісте барлығының дене қызуы өлшенеді, дезинфекциялық кілемшелер төселеді. Әр залда санитайзерлер орнатылған, барлық қызметкер қорғаныс құралдарымен жұмыс істейді. Бактерицидті кварц шамдары да бар дейді ведомстводағылар.

"Киноға билет бағасының қымбаттауы әбден мүмкін еді. Орташа алғанда, олардың құны 20-30 пайызға өсті. Мысалы, егер бұрын кешкі сеанс 2400 болса, енді 600 теңгеге қымбат. Кәсіпкерлерді түсінуге болады. Төтенше жағдай режимі олардың бизнесіне кері әсер етті, ал әзірге аншлаг жасауға тыйым салынады", - деді Әуезов ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Бөпежанова.

Телеарна мәліметінше, әзірше прокатта көптеген отандық фильм бар, ал 29 қазаннан бастап шетелдік кино прокатқа шығады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети