24 қазан 2014 16:12

Алматыдағы авторлық кинолар фестивалінде биылғы үздік фильмдер көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматыда Clique Film Fest авторлық кино фестивалі өтеді, онда бірнеше халықаралық кинофестивальге қатысқан 2014 жылдың үздік картиналары көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда Clique Film Fest авторлық кино фестивалі өтеді, онда бірнеше халықаралық кинофестивальге қатысқан 2014 жылдың үздік картиналары көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Режиссер Андрей Звягинцевтің "Левиафан" фильмін шығарушылардың бірі Олег Негин фестивальдің басты қонағы болады. Дәл осы картина Алматыдағы Clique Film Fest фестивалін ашады. Айта кетейік, дәл осы туынды 67-ші Канн фестивалінде үздік сценарий үшін сыйлық алған болатын. Сонымен қоса, лента Ресейден "Үздік шетел фильмі" аталымында "Оскар" сыйлығына үміткер болды.  

Бұған қоса, авторлық кино фестивалінде түрік режиссері Нури Бильге Джейланның Канн фестивалінің "Алтын пальма бұтағын" жеңіп алған "Зимняя спячка" фильмі көрсетіледі. Көрермендер, сонымен бірге, Дэмьен Шазелдің "Одержимость", Александр Коттың "Испытание", Ксавье Доланның "Мамочка", Жан-Пьер Дарденнің басты рөлін Марион Котийяр сомдаған "Два дня, одна ночь", "Племя" деп аталатын украин лентасын және Жанна Исабаеваның "Нағима" атты қазақстандық фильмін көре алады. Соңғы фильм Пусан мен Берлиналеде көрсетілді. 

Авторлық кино фестивалі "Арман" және "Цезарь" кинотеатрларында 6-9 қазан аралығында өтеді. Кестені мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети