Алматыда ҚР Конституциясы күніне орай отандық көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты kinostan.kz басылымына сілтеме жасап.
Алматыда ҚР Конституциясы күніне орай отандық көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты kinostan.kz басылымына сілтеме жасап.
Отандық көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімін Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Көрсетілімдер 2014 жылғы 29-30 тамыз күндері ұйымдастырылады:
Қала тұрғындары мен қонақтары 29 тамыз күні 12:00-де "Арман" кинотеатрынан - "Аңшы бала" (қазақша), 14:00-де "На Райымбека" кинотеатрынан - "Елбасы жолы" (қазақша), 30 тамыз күні 12:00-де "Star Cinema Мега Алматы" кинотеатрынан - "Секер" (орысша), 12:00-де "Star Cinema Prime Plaza" кинотеатрынан - "Қош бол, Гүлсары!" (қазақша) фильмдерін тамашалай алады. Кіру тегін.