АҚШ-та режиссер Кристофер Рэйдің "Жалшы" фильмі жарыққа шықты. Фильмде Қазақстандағы әйелдердің сұмдық жағдайы жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ-та режиссер Кристофер Рэйдің "Жалшы" фильмі жарыққа шықты. Фильмде Қазақстандағы әйелдердің сұмдық жағдайы жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картина қазақстандық прокатқа шыққан жоқ және сондықтан да болар, осы күнге дейін белгісіз болып келді. "Жалшы" ("Наемницы") фильмінің оқиғасы Қазақстан Республикасында өрбиді. Эдвард Де Руитердің сценарийі бойынша, қазақстандық әйелдердің құқығы жоқ, сұмдық жағдайда өмір сүреді, ал елдегі бизнестің басты түрі - жезөкшелік. Әйелдерді "құлдықтан" босатып алу үшін АҚШ президентінің қызы Қазақстанға аттанады. Бірақ ол жолда келе жатып, қарулы қақтығыстар болып жатқан ауданда тұтқынға алынып, түрмеге түседі. Осыған байланысты әйелдерден тұратын бөлімше құрылып, олардың мақсаты әйелдер түрмесіне кіріп, іштегілерді құтқарып алу болады. "Иә, бұл жердің болашағы жоқ. Оларда Кеңес өкіметі құлағаннан кейін әрқашан да осылай. Бірақ оларда жылжымайтын мүлік өте арзан", - дейді Қазақстанға келген жалшы қыздар.
Америкалық фильмдердің дәстүрі бойынша, оқиға хеппи-эндпен аяқталады және президенттің қызы босатылады. Онымен бірге, Қазақстанның барлық қыздары бостандыққа шығарылады. Айта кетейік, бұл фильмді Bad Comedian жобасының жігіттері оңдырмай сынады.