Үндістанның "Келін" киносериалында басты рольді сомдаған танымал актриса Пратюша Банерджи (Pratyusha Banerjee) өз үйінде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды түріктің Hurriyet басылымы.
Үндістанның "Келін" киносериалында басты рольді сомдаған танымал актриса Пратюша Банерджи (Pratyusha Banerjee) өз үйінде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды түріктің Hurriyet басылымы.
Ал жергілікті ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Банерджидің өлімінің себебін дәрігерлер медициналық сараптамалардан кейін мәлімдейді. Қазіргі уақытта полицейлердің әншінің көршілері мен достарынан жауап алып жатқаны айтылады.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, актриса өзінің сүйіктісімен соңғы уақытта жанжалдасқан. Сонымен қатар, жігітінің оны жиі ұрып-соққаны айтылады.
© bollywood.bhaskar.com
Айта кетейік, Банерджи үлкен Анандиді сомдады. "Келін" (Child Bride) көпсериялы хикаясы қазақ көрерменіне жақсы таныс. Отандық телеарна кеңістігінде тұңғыш рет көрерменге жол тартқан үнді телехикаясы ескілікті салт-дәстүрдің құрбаны болған қызғалдақ өмірді, талқыға түскен тағдырды баяндайды.