Анджелина Джоли жыныстық зорлыққа қарсы күрес орталығын ашты

11 Ақпан 2015, 17:22
0

Голливуд актрисасы әрі БҰҰ-ның ізгілік елшісі Анджелина Джоли Лондонда жауынгерлік іс-әрекет жүріп жатқан аймақтардағы әйелдерге жыныстық зорлық-зомбылық жасауға қарсы күресетін орталық ашты, - деп хабарлайды Lenta.ru Hello Magazine басылымына сілтеме жасап. Орталықтың ашылуына актрисамен бірге Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Уильям Хейг (William Hague) қатысты.

Басылымның мәліметінше, Centre on Women, Peace and Security ұйымы Лондон экономикалық мектебінің бір құрылымы болады. Ұйым сарапшылары мағлұмат жинап, проблеманы шешудің жолдарын қарастырады. Университет студенттері де жыныстық зорлық-зомбылықпен күресуге қатысты мамандандықтар мен пәндерді таңдап ала алады. 

"Әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалып жатқан әлемде тұрақтылық болмайды", - деді Джоли. Актриса өзі ашқан орталық, әсіресе, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының құрбандары болған әйелдерге көмектеседі деп үміттеніп отыр. 

Айта кетейік, 2014 жылы шілдеде Джоли Лондонда халықаралық саммитті ашқан болатын, ол қарулы қақтығыс болып жатқан аймақтардағы жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналды. Ол саммит қоғамның назарын осы мәселеге аудартқан бүкіл дүниежүзілік екі жылдық іс-шаралардың қорытындысы болды. Сол уақыттың ішінде соғыс уақыттарында жыныстық зорлық-зомбылықты жою міндеті туралы декларацияға 141 ел қол қойды. 

Еске сала кетейік, Анджелина Джоли 2001 жылы БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды. Одан кейінгі төрт жылда ол гуманитарлық миссиямен бірнеше елге барып қайтты. Оның ішінде: Кения, Таиланд, Эквадор, Судан, Косово, Ангола, Шри-Ланка мен Иорданиядағы Ирак босқындарының лагері бар. Актриса 2005 жылы БҰҰ гуманитарлық жүлдесіне ие болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай