Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Бегарыс Елубайдың "Аңшы бала" фильмі 2014 жылдың 21-26 сәуір аралығында Самарада өткен "Кино – балаларға" XIX халықаралық кинофестивалінің дипломымен марапатталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақфильм" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Аңшы бала" фильмін Ерлан Нұрмұхамбетов ресейлік көрерменге өзі ұсынып, кинофестивальдің жабылу салтанында мараптқа ие болды. Сондай-ақ "Аңшы бала" фильмі Италия, Словакия, Грузия және Беларусия елдерінің балаларға арналған фильмдерімен қатар халықаралық бағдарлама бойынша да көрсетілді.
Фильмді Самара облысының 5 балалар киностудиясы мүшелік еткен балалардан құралған қазылар алқасы бағалады.
"Кино – балаларға" халықаралық байқауы 1996 жылдан бастап өткізіліп келеді. Аталған фестиаль өскелең ұрпақты әлемдік кинемотографияға қызықтыру, олардың кино көру, қабылдау мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
"Аңшы бала" фильмі Қамбар атты 13 жасар қалалық бала туралы. Қамбардың ата-анасы жазғы демалыста Қамбарды ауылдағы ата-әжесіне жібереді. Осы кезде жасөспірім өзіне мүлде жат далалық өмірмен танысады. Айта кету керек, бұған дейін бұл картина АҚШ-тағы отбасылық кино халықаралық кинофестивалінде "Үздік шетелдік драма" деген аталым бойынша марапатқа ие болған. Сондай-ақ аталмыш фильм Анападағы "КиноМалыШок" байқауында үздік фильмдер қатарынан табылса, Иркутскідегі "Байкал жүрегінде" II халықаралық байқауында "Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік фильм" аталымы бойынша жүлдегерт атанды.