Ақан Сатаевтың "Районы" фильмі Ресейде прокатқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақан Сатаевтың "Районы" фильмі Ресейде прокатқа шығады © ktk.kz

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Районы" фильмі Ресейде прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Районы" фильмі Ресейде прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Сатаевтың айтуынша, картина Ресейдің бірнеше қаласында көрсетіледі: Санкт-Петербург, Омбы, Улан-Удэ. "Үлкен Ресей үшін бұл көп қала емес, бірақ бұл да бір нәтиже", - деді режиссер.

Еске сала кетейік, "Районы" фильмі қазақстандық прокатқа 2016 жылдың қараша айында шыққан болатын. Фильмдегі басты рөлдерде Елтеріс Нұржанов, сондай-ақ, режиссердің қызы Марйам Сатаева сомдады.

Картина 1980 жылдардың соңындағы кезеңді және Алматы қаласының сол уақытта қандай болғанын, оның тарихын көрсетеді. Басты кейіпкер Арсен отбасымен бірге қаланың шетінен орталыққа көшіп келеді. Жаңа мектепте жаңа достар табады. Өздерін "районның жігіттері" деп атайтын Азамат пен Хабиб есімді балалармен танысып, дос болады. Онымен қоса, жаңадан қалаға көшіп келген жігіт қатыгездік пен қылмыс әлемінің ықпалына түсіп қалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети