Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова "Бірінші арнадағы" жаңа жобалардың бірі "Золотая Орда" сериалында басты рольдердің бірінде ойнайды. Айта кетейік, 16 сериялы фильмнің түсірілімі Ресейде басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова "Бірінші арнадағы" жаңа жобалардың бірі "Золотая Орда" сериалында басты рольдердің бірінде ойнайды. Айта кетейік, 16 сериялы фильмнің түсірілімі Ресейде басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үлкен деңгейлі жобаның 2017 жылға жоспарланған бюджеті 400 миллион рубльді құрады. Картинаны түсірілімі туралы 2015 жылдың қазан айында айтылған болатын. Онда фильмді шығарушылар мұны "Тақтар ойыны" мен "Великолепный век" сериалдарына ұқсас драма болатынын айтқан еді. "Золотая Орда" сериалына іріктеу өткен жылдың соңында басталды. Кастинг Қазанда, Уфіде, Мәскеуде және Санкт-Петербургте өткен.
Сериалдың режиссері - Тимур Алпатов, ал продюсерлері - Рубен Дишдишян, Арам Мовсесян, Елена Денисевич, Нелли Яралова. Ал басты рольдерде Александр Устюгов, Светлана Колпакова, Юлия Пересильд, Сергей Пускепалис, Владимир Веревочкин, Артур Иванов ойнайды. Сонымен қатар, Аружан Жазылбековадан басқа картинаға Дина Тасболатова, Санжар Мәдиев пен Дәулет Әбдіғапаров түседі.
Картинаның сюжетіне келетін болсақ, сериалдағы ұлы хан Ярослав бірікпеген ресейлік хандарды біріктіруді армандайды. Алайда, оның бұл арманын орындау үшін оның туған ағасы - Борис пен ұлы Владимир кедергі болады. Содан Русь мемлекетінің астанасына Алтын Орданың елшісі Тенгри-Темір келеді. Ол Алтын Ордаға ресейлік әскерилерді айдап әкету үшін келген. Бірақ егер де Ұлы хан оған өзінің ханымын, яғни Бористың әйелін беретін болса, ол ресейлік әскерилердің бір ғана бөлігін алып кетуге дайын екенін түсіндіреді. Содан Ұлы хан Ярослав Бористың әйелі Устиньяны бөтен елге жібереді.
Кейіннен Тенри-Темір Ярослав ханға Ұлы ханның атынан "сыйлық" береді, яғни ол Наргиз есімді жас қызды Ярослав ханға қалдырып кетеді. Сол уақытта Алтын Орданың Ұлы ханы Берке жақын арада өлетінін сезіп, артынан мұрагер қалдыруды армандайды. Содан ол 16 жастағы Айжан есімді қызды кездестіреді. Айжан бай көпестің қызы екен. Өкінішке орай, Айжан қатыгез ханның үшінші әйелі болады.