Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада жемқорлыққа қарсы фильм таныстырылды

05 Қараша 2014, 14:56
0
Ролик кадры
Ролик кадры
Түсірілім барысында
Түсірілім барысында
Түсірілім барысында
Түсірілім барысында
Ролик кадры
Ролик кадры

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы фильм таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жемқорлықсыз өмір" деп аталатын лента жемқорлық жолына түскен Арман есімді жігіт туралы оқиғаны баяндайды. Бірақ ол өз өміріне қайта қарап, пара алудан бас тартады. Бас кейіпкер бұрынырақта ақша бермегені үшін бір ақсақалдың мәселесін шешпеген, онымен кейін қайта кездеседі. Ол пара алуымен өзгелердің өмірін қиындататынын түсінеді.  

Жемқорлыққа қарсы роликтің режиссері - "Қыз бен жігіт" фильмімен танымал жас режиссер Сәкен Жолдас. Кинематографист жемқорлыққа қарсы ролик идеясын өмірден алғанын айтты. "Бірде кешке қарай мен Тастақ ауданынан өтіп бара жатып, құрт, шемішке сатып отырған ақсалды кездестірдім. Жақындап келіп, одан құрт сатып алғым келді. Оған ақша беріп, қап сұрадым, ал оның қабы жоқ, оның орнына қағаздан оралып жасалған қап екен. Сол қағаздан қапты алып беріп жатқанда оның қолы дірілдеп тұрғанын, қолы әрең жеткенін көрдім. Жүрегім ауырып кетті", - деді Жолдас. 

Келесі күні режиссер ақсақалмен сөйлесу үшін сол жерге қайта келеді де оның тоқсан жаста екенін, Оңтүстік Қазақстаннан нәпақа табу үшін Алматыға келіпгенін біледі. "Оның қалай ақша тауып жүргенін көрдім де 5000 теңге біреу үшін қымбат мейрамханада түскі ас екенін, ал біреулер үшін бұл үлкен ақша екнін ойладым. Ол 5000 теңге табу үшін бір апта бойы құрт пен шемішке сатып, нашар жағдайда өмір сүруі керек. Мен осыны жемқорлыққа қарсы роликте көрсеткім келді", - дейді Сәкен Жолдас.  

Қысқаметражды антикоррупциялық фильмді команда бір күннің ішінде түсіріп бітіпті, кейін үш апта бойы пост-пордакшнмен айналысады. Картинада басты рөлде Данияр Сихымбаев ойнады. Фильмді жасаушылар фильмге "Бойцовский клуб" картинасындағы кейіпкер Эдвард Нортонға ұқсайтын актерді іздегенін айтты. "Әлеуметтік желілерде хабарландыру бердік. Соңында Даниярды таптық, маған оның фильмге түсуге дайын екені және әсерленгені ұнады", - деді режиссер. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фильм екі кинотеатрда көрсетіледі, сонымен бірге осы бастаманы көтерген "Қазақстан-2050" Қоғамдық қозғалысының YouTube желісіндегі арнасында жарияланады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай