Әуезов театры Лондон сахнасын "Жаужүрек" спектаклімен жауламақшы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 1-8 қазан аралығында Англия мен Ұлыбританияның астанасы, Британ аралдарының ең үлкен қаласы Лондонда "Жаужүрек" спектаклімен өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 1-8 қазан аралығында Англия мен Ұлыбританияның астанасы, Британ аралдарының ең үлкен қаласы Лондонда "Жаужүрек" спектаклімен өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақ жұртының "Жаужүрегі" - қазақ драматургиясындағы тарихи қойылымдар легінің жаңа бір белесі. Екі бөлімнен тұратын спектакль желісі бойынша Нұрмағанбет патша заманында Көкшетаудағы жергілікті халықты шұрайлы, нулы-сулы жерлерден ығыстырып, орыстарды қоныстандыру саясатына батыл қарсы шыққан қазақ. Қарсы шығып қана қоймай, мойымай күрескен батыр. Драмада Қарқаралы бәйгесінен жеңімпаз боп оралған Нұрмағамбеттің жүлдесіне халқы ел-жұрт болып қуанады. Осындай қуанышты сәттің үстінен түскен сегіз ояздың аға сұлтаны паң Нұрмағамбет балуан Нұрмағамбетке саусағының шолақтығын айтып "Балуан Шолақ" деп ат қояды. Сол сәттен бастап ол Нұрмағамбет емес, Балуан Шолақ атанады. Батырға шын сүйсінгендердің арасынан суырылып шыққан Ғалия-қыз сахна төрінде халық әні "Гауһартасты" шырқайды. Бұл сәт актерлер ойынына лирикалық, сұлулыққа толы көркемдік сыйлайтындай. Екі иығына екі кісі мінердей Балуанға дүйім қазақ атынан Ғалия-қыз патсайы шапан жабады. Бұл шапан Балуанның бәйбішесі Балқашты мұңға батырары анық. Ерін жатқа қимаған Балқаш пен Балуан арасындағы диалог драманың шымырлығына жетелейтіндей", - делінген театр хабарламасында. 

Халықтың сүйіктісі, керемет әнші-композитор, сері, балуан Балуан Шолақ бұл қойылымда жары Балқаш, ғашығы Ғалия, тұтқын жас қыз Татьянаның жүрегін жаулаған еркіндіксүйгіш, күрескер, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға ретінде бейнеленеді. 

"Драма екі нәрсенің тартыс-күресі: тағдыр мен адамның, ар мен міндеттің, табиғат пен мәдениеттің, жақсылық пен жамандықтың, зұлымдық пен ізгіліктің...", - деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі осы спектаклде көрініс береді. 

"Күллі қазақ халқының жүрегін жаулаған "Жаужүрек" пьесасы ағылшын көрерменнің көңіл төрінен орын алады деген сенімдеміз", - дейді театр өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer