11 ақпан 2014 | 18:54

"Бауыр" фильмі Санта-Барбарада жүлдеге ілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бауыр" фильмінен үзінді "Бауыр" фильмінен үзінді

Белгілі қазақстандық режиссер Серік Апрымовтың "Бауыр" фильмі АҚШ-тың Санта-Барбара қаласында өткен 29 халықаралық кинофестивальде жүлделі орыннан көрінді. Ол сайыста біздің "Бауырымыз" "Шығыс Еуропа елдерінің ең үздік фильмі" аталымы бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Fess Parker салтанат сарайында өткен фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Серік Апрымовтың өзі қатысып, "Бауырды" таныстырды. Өнер сайысының қазылар алқасы мүшелігінде фестивальдің негізін қалаушы Филлис де Пиччиотто, режиссер Мими Де Груй, Тельма Адамс, актриса Арнетт Дженс Зербе, актер Энтони Зербе, Артур Шмидт, Алан Тик, продюсер Тед Хоуп, композитор Адам Гуттел мен актриса Фрэнсис Фишер болды. "Шығыс Еуропа елдерінің ең үздік фильмі" аталымында Серік Апрымовтың туындысынан бөлек: "Адрия блюз" (Словения, Хорватия), "Сайқымазақтар" (Словакия, Люксембург, Чехия, Финляндия), "Ойыншы" (Литва, Латвия), "Жапон иті" (Румыния), "Айға апарар билет" (Польша) және "Өрлеу" (Чехия) секілді кинотуындылар өзара сайысқа түсті. Бұл кинофестиваль Санта Барбарада 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Мәдени шараны өткізудегі мақсат - жергілікті киноиндустрияны дамыту және аймақ тұрғындары назарына америкалықтар түсірген кино туындылармен қатар, әлемнің әр түкпірінен келген сапалы фильмдерді ұсыну. Еске саламыз, "Бауыр" фильмінің әлемдік премьерасы алғаш рет Венециан кинофестивальінде 70-ші "Көкжиек" бағдарламасы аясында өткен болатын. Одан әрі IX "Еуразия" ХКФ байқауы барысында "Үздік режиссерлік жұмыс" аталымында екі бірдей жүлдеге қол жеткізіп, НЕТПАК жүлдесін де жеңіп алған-тын. Сондай-ақ, 2013 жылы Австрияда өткен халықаралық Viennale кинофестивальіне қатысқан еді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети