Еркебұлан Дайыров©Нұрғиса Елеубеков
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының рөлін сомдағаны үшін жас актер Еркебұлан Дайыров "Намыс" медалімен марапатталды, деп хабаролайды Tengrinews.kz. "Бауыржан Момышұлы" атты сериалды белгілі режиссер Ақан Сатаев түсірген болатын. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 28 жасар актері Еркебұлан Дайыров бұл марапат тек өзіне ғана емес, жалпы түсіру тобына, театр ұжымына деген құрмет екенін айтты. Жас актерге "Намыс" медалін Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов табыс етті. Сондай-ақ депутат "Намыс" медалі Бауыржан Момышұлының мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттап жүрген өнер қайраткерлеріне берілетінін жеткізді. "Бауыржан Момышұлының рөлін ойнау – кез келген жас актердің арманы. Осы рөл өнер жолымдағы ең үздік рөлдердің бірі десем болады. Мен үшін халық батырының рөлін ойнау үлкен абырой", – деді Е.Дайыров. Естеріңізге сала кетейік, 4 сериядан тұратын "Бауыржан Момышұлы" көркем фильмі Александр Бектің "Волоколамское шоссе" кітабының желісі бойынша түсірілді. Фильм "Хабар" телеарнасының экранына 17 желтоқсанда шықты. Картина Бауыржан Момышұлының ең алғаш әскерге баруға деген арманын, оның генерал Панфиловпен қалай танысқаны және батальон командирі, кейіннен гвардия дивизиясының командирі болғаны туралы баяндайды. Ең алғаш Еркебұлан фильмді түсіру алаңына келгеннен бастап оның Бауыржан Момышұлына ұқсайтынын көпшілік байқаған. Актердің өзі бұрын бұл ұқсастыққа аса мән бермегенін айтты. Таяуда ғана жас актер "Серпер" сыйлығын да иеленген болатын.
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының рөлін сомдағаны үшін жас актер Еркебұлан Дайыров "Намыс" медалімен марапатталды, деп хабаролайды Tengrinews.kz.
"Бауыржан Момышұлы" атты сериалды белгілі режиссер Ақан Сатаев түсірген болатын. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 28 жасар актері Еркебұлан Дайыров бұл марапат тек өзіне ғана емес, жалпы түсіру тобына, театр ұжымына деген құрмет екенін айтты.
Жас актерге "Намыс" медалін Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов табыс етті. Сондай-ақ депутат "Намыс" медалі Бауыржан Момышұлының мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттап жүрген өнер қайраткерлеріне берілетінін жеткізді.
"Бауыржан Момышұлының рөлін ойнау – кез келген жас актердің арманы. Осы рөл өнер жолымдағы ең үздік рөлдердің бірі десем болады. Мен үшін халық батырының рөлін ойнау үлкен абырой", – деді Е.Дайыров.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сериядан тұратын "Бауыржан Момышұлы" көркем фильмі Александр Бектің "Волоколамское шоссе" кітабының желісі бойынша түсірілді. Фильм "Хабар" телеарнасының экранына 17 желтоқсанда шықты. Картина Бауыржан Момышұлының ең алғаш әскерге баруға деген арманын, оның генерал Панфиловпен қалай танысқаны және батальон командирі, кейіннен гвардия дивизиясының командирі болғаны туралы баяндайды.
Ең алғаш Еркебұлан фильмді түсіру алаңына келгеннен бастап оның Бауыржан Момышұлына ұқсайтынын көпшілік байқаған. Актердің өзі бұрын бұл ұқсастыққа аса мән бермегенін айтты. Таяуда ғана жас актер "Серпер" сыйлығын да иеленген болатын.