Продюсер Тимур Бекмәмбетовтің "Хардкор" фантастикалық картинасының әлемдік прокатының құқығы 10 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды "Коммерсантъ". Келісім америкалық STX Entertainment компаниясымен жасалды.

"Құқық әлем бойынша сатылды. Әлемдік примьерасының уақыты сатып алушы компанияларға байланысты. 2016 жылдың алғашқы ширегінде көрсетіліп қалуы мүмкін. Алғашқы көрсетілім АҚШ пен бірқатар елде бір уақытта көрсетіледі. STX Entertainment нақты уақытын анықтайтын болады", - деді Бекмәмбетовтің Bazelevs киностудиясының өкілі Артем Иванов.
"Хардкор" құқығын сатып алуға Голливудтың бірнеше компаниясы қатысты. Олардың ішінде Lionsgate, Paramount және Universal компаниялары бар. STX Entertainment компаниясымен келісімшартының Торонто кинофестивалінде жасалғаны белгілі болды. Америкалық компания фильмнің маркетингіне 20 миллион доллар жұмсайды. Ал фильмді шығаруға продюсерлер 4 миллион доллар жұмсаған.
"Хардкор" - шытырман оқиғалы эксперимент. Картинада басты рольдерді Шарлто Копли және Данила Козловский сомдайды. Фильмнің режиссері - Илья Найшуллер.