Танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмәмбетов отандық киноны дамыту үшін қазақстандық фильмдерге билеттердің бағасын арзандату керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмәмбетов отандық киноны дамыту үшін қазақстандық фильмдерге билеттердің бағасын арзандату керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, қазақстандық киностудияларға америкалық киностудиялармен бәсекелесу қиын екенін мойындау керек. Біздің қазақстандық киноларға оларға қарағанда екі есеге кем қаражат бөлінеді. Сондықтан да отандық кино түсірушілер бұл ретте ұтылып қалады. Көрермен әрине, сапалы киноны таңдайды", - деді қазақстандық режиссер.
"Қазіргі кезде кинотеатрлардағы билеттердің бағасы басты мәселе болып отыр. Меніңше, билеттің бағасы киноға салынған инвестицияға сәйкес болуы тиіс. Қазір киноға ақшасы бар адамдар барады. Себебі 920 теңге тұратын билет кейбір отбасыларға қымбатқа түсуі мүмкін", - деді Тимур Бекмәмбетов.
Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін мұнда абонемент енгізу қажет.
"Мысалы, әрбір азаматта отандық киноларды көруге абонементі болады. Тіпті айына 10-15 фильм болсын. Әрине, бағасы қымбат болмаса, халық келеді ғой. Бұл тұрғындарды отандық фильмдерді көруге тартудың бір жолы болып табылады", - деп қорытындылады сөзін режиссер.