Бекмәмбетов "Хардкор" фильмінің құқығын 10 миллион долларға сатып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекмәмбетов "Хардкор" фильмінің құқығын 10 миллион долларға сатып жіберді © РИА Новости

Продюсер Тимур Бекмәмбетовтің "Хардкор" фантастикалық картинасының әлемдік прокатының құқығы 10 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды "Коммерсантъ". Келісім америкалық STX Entertainment компаниясымен жасалды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Продюсер Тимур Бекмәмбетовтің "Хардкор" фантастикалық картинасының әлемдік прокатының құқығы 10 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды "Коммерсантъ". Келісім америкалық STX Entertainment компаниясымен жасалды.

"Құқық әлем бойынша сатылды. Әлемдік примьерасының уақыты сатып алушы компанияларға байланысты. 2016 жылдың алғашқы ширегінде көрсетіліп қалуы мүмкін. Алғашқы көрсетілім АҚШ пен бірқатар елде бір уақытта көрсетіледі. STX Entertainment нақты уақытын анықтайтын болады", - деді Бекмәмбетовтің Bazelevs киностудиясының өкілі Артем Иванов.

"Хардкор" құқығын сатып алуға Голливудтың бірнеше компаниясы қатысты. Олардың ішінде Lionsgate, Paramount және Universal компаниялары бар. STX Entertainment компаниясымен келісімшартының Торонто кинофестивалінде жасалғаны белгілі болды. Америкалық компания фильмнің маркетингіне 20 миллион доллар жұмсайды. Ал фильмді шығаруға продюсерлер 4 миллион доллар жұмсаған.

"Хардкор" - шытырман оқиғалы эксперимент. Картинада басты рольдерді Шарлто Копли және Данила Козловский сомдайды. Фильмнің режиссері - Илья Найшуллер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети