Мәскеуде белгілі актриса Наталья Крачковская қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл ақпаратты Мәскеудің бірінші ауруханасындағылар растады, актриса сол ауруханаға түскен болатын.
Мәскеуде белгілі актриса Наталья Крачковская қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл ақпаратты Мәскеудің бірінші ауруханасындағылар растады, актриса сол ауруханаға түскен болатын.
"Бізге мәлімет бүгін келді. Ол қайтыс болды", - деді аурухананың анықтама бөліміндегілер.
©РИА Новости
Еске сала кетейік, 28 ақпанда Мәскеуде актриса Наталья Крачковскаяның жүрек бұлшық етінің инфарктына шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Актриса кеуде тұсындағы ауруды сезінгеннен кейін дәрігерлерді шақырған. Lifenews.kz басылымының мәліметінше, актриса жүрек бұлшық етінің инфарктын алған. Дәрігерлер Ресейдің еңбек сіңірген әртісінің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын істеді. Бірақ оның жағдайы аса ауыр болды - ол құрылғының көмегімен тыныс алды. Сонымен қатар, Наталья Крачковскаяның бойында болған өзге де аурулар жағдайды қиындата түсті.
©РИА Новости
Наталья Крачковская 1938 жылы 24 қарашада Мәскеуде дүниеге келген. Ол жүзден аса фильмге түскен, олардың қатарында "12 стульев", "Иван Васильевич меняет профессию", "Будьте моим мужем", "Покровские ворота", "Человек с бульвара Капуцинов" фильмдері бар. Сонымен қатар, Крачковская қосалқы рольдердер де ойнаған.