Берлин кинофестивалінің үздік фильмі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берлин кинофестивалінің үздік фильмі анықталды © REUTERS

Халықаралық 60-шы Берлин кинофестивалі - "Алтын аю" марапатына израильдік режиссер Надав Лапидтың "Синонимы" туындысы лайық болды. Бұл туралы Бұл туралы салтанатты марапаттау рәсімінде қазылар алқасының төрағасы Жюльет Бинош мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық 60-шы Берлин кинофестивалі - "Алтын аю" марапатына израильдік режиссер Надав Лапидтың "Синонимы" туындысы лайық болды. Бұл туралы Бұл туралы салтанатты марапаттау рәсімінде қазылар алқасының төрағасы Жюльет Бинош мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Фильмде жас израильдік қыздың өз елінен кетіп, нағыз француз болғысы келетіні туралы баяндалады. 

Режиссер бұл туындысын түсірілім кезінде қайтыс болған анасына арнаған. 

"Бұл мен үшін өте жоғарғы марапат. Мұндайды күтпедім де", - деді режиссер. 

Франсуа Озонның "По милости Божией" фильміне Гран-при берілді. Картинада педофилия бойынша айыпталған католик шіркеуінің дін қызметкері Бернар Прейннің атышулы оқиғасы жайлы баяндалады.

Кинофестивальдің үздік актері - "Прощай, мой сын" фильмінде ойнаған қытайлық Ван Цзинчунь. Үш сағаттық драмада ұлынан айырылған отбасының өмірі жайлы айтылады. Қытайда бір отбасыға бір бала заңы күшіне енгенен кейін олар мүлде шарасыз қалған. 

"Күміс аю" - үздік әйел рөлі - Цзинчунь әріптесі Юн Мэй алды. 

Үздік сценраий - "Пираньи Неаполя" Клаудио Джованнези. Үздік режиссер - Ангела Шанелек "Я был дома, но…".  Нора Фингшайдтың "Крушитель системы", Мехмет Акифтың "Орэй" картиналары да үздік фильм аталды. 

Үздік деректі фильм -  "Разговаривая о деревьях" Сухаба Гасмелбэри. Үздік оператор - "Пора уводить коней" Расмус Видербэг. 

Берлин кинофестивалі Германия астанасында 7 ақпаннан бері өтіп жатыр. Байқауға 16 картина қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети