10 тамыз 2015 09:29

Бесінші "Орындалмайтын миссия" АҚШ прокатында көш бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Орындалмайтын миссия" фильмінің кадры "Орындалмайтын миссия" фильмінің кадры

Қызық оқиғалы "Орындалмайтын миссия: Қашқындар тайпасы" (Mission: Impossible - Rogue Nation) фильмінің бесінші бөлімі АҚШ кинопрокатында көш бастады, - деп хабарлайды Boxoffice.


Қызық оқиғалы "Орындалмайтын миссия: Қашқындар тайпасы" (Mission: Impossible - Rogue Nation) фильмінің бесінші бөлімі АҚШ кинопрокатында көш бастады, - деп хабарлайды Boxoffice.

Басты рольде Том Круз ойнайтын киносериалдың бесінші бөлімі прокатқа шыққан апта ішінде  29 миллион доллар жинады. 1996, 2000, 2006 және 2011 жылдары шыққан алдыңғы бөлімдер сәйкесінше 457, 546, 397 және 694 миллион доллар әкелген еді.

"Орындалмайтын миссия: Қашқындар тайпасы" фильмінің трейлері

Аптадағы қаржыны көп жинаған фильмдердің ішінде "Фантастикалық төрттік"  (Fantastic Four) екінші орында тұр. Бұл фильмді Marvel Comics компаниясы түсірген. Алғашқы аптада фильм 26 милион доллар жинады. Фильмнің бюджеті - 120 миллион доллар.

"Фантастикалық төрттік" фильмінің трейлері

Лидерлердің үштігін жас жұптың өмірі жайлы "Сыйлық" (The Gift) фильмі аяқтады. Фильм аз бюджетті, яғни бес миллион долларға түсірілген. Алғашқы аптада картина 12 миллион доллар қаржы жинады.

"Сыйлық" фильмінің трейлері

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети