Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкімет сағатында Қазақстандағы киноиндустрия кластерінің дамуы туралы баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкімет сағатында Қазақстандағы киноиндустрия кластерінің дамуы туралы баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдени саясат Тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстандағы киноиндустрия кластерін дамыту екенін атап өтті.
Ресми статистикаға сәйкес елде қызмет ететін 35 киноөндіріс ұйымдары жылына 250 кинокартинадан астам өндіреді, оның ішінде телевизиялық және жеке жобаларда бар.
Кинокөрсетілімді 93 кинотеатр, 247 кинозалдар және 368 жылжымалы және стационарлы киноқондырғылар қамтамасыз етеді. Соңғы үш жылда ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі ұлттық фильмдердің өндірісі аясында 100-ден аса фильм шығарды. Қазіргі таңда 40-тан астам туынды өндірісте орналасқан.
"Қол жеткізген нәтижелер мемлекеттік реттеу жүйесін өзгерту мен қайта қарастыру, кинематографияны қолдау, үздік шетелдік тәжірибеге негізделген ағымдағы жағдайды ескеретін шаралар мен жаңа тетіктерді іске асыру шартымен шығарылатын фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және киноиндустрия саласының сандық өсімі, кинематографияны дамыту негізін құрайды. Осы мақсатта ұзақмерзімді Қазақстан киноиндустриясын дамыту Тұжырымдамасы қажет" - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, ведомства басшысының пікірі бойынша, қазіргі таңда кино саласында шығармашылық бастамаларды қолдау, киноөндірістің жаңа инновациялық нысандарын енгізу үшін жағдайлар жасалуы тиіс.
"Біздің негізгі міндетіміз - әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның бірегей тарихи мұрасын, өзіндік мәдениетін, салт-дәстүрі мен жаһандық жетістіктерін жеткізіп, қазақстандық батырлар мен тарихи тұлғаларды көрсету. Біз, өз кезегінде фильмді ішкі аудитория үшін түсіреміз. Ал, әлемдік заң талаптары өзіндік тарихын, мәдениетін, құндылықтарын сапалы форматта насихаттайтын туындылар жасауды қажет етуде", - деп атап өтті Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ, министр соңғы жылдары Қазақстан нарығында сұранысқа ие сәтті фильмдер шоғыры қалыптасқандығын атап өтті. Олардың қатарында, өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокаттың көшбасшысы - "28 панфиловшы", режиссер Сергей Снежкиннің "Елбасы жолы: Жұлдыздар тоғысқанда" киноэпопеясы. Жалпы ұлттық прокаттың бес көшбасшысы қатарына сондай-ақ, Ахан Сатаевтың "Анаға апарар жол" туындысы енді.
Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алғаш рет режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне тағайындалды. "Құнанбай" фильмі "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің нұсқасы бойынша үздік ортаазиялық фильм болып танылды. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің "Аманат" туындысы, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің "Жаңғақ тал" фильмі, режиссер Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ Елі: Алмас Қылыш" туындысы үздіктер қатарында. Қазіргі таңда "Күлтегін" толықметрлі мультфильмінің дайындық жұмыстары басталды. Фильмнің тұсаукесері ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу шеңберінде өтетін болады.
Осы жылы голливудтық продюсерлер Кэри Грэнат пен "Оскар" сыйлығының иегері Эдом Джонстың қатысуымен әйгілі әнші әрі композитор Әміренің өмір жолына арналған жаңа көркем фильмнің халықаралық прокаты жоспарланып отыр.
"Бұл ретте, саладағы жоғары нәтижелерге қарамастан, шешімді қажет ететін бірқатар қалыптасқан жүйелі мәселелер бар. Біз кино саласын дамыту үшін барлық тұжырымдамалық талаптарды заңнамалық негізде бекітуіміз қажет", - деп атап өтті ведомства басшысы.
Өткен жылы ҚР Үкіметі Министрліктің 2017 жылға арналған заң жобалары жұмыс Жоспарына "Кинематография туралы" Заң жобасын әзірлеуді енгізу бастамасын қолдаған болатын. Наурыз айында құжат Үкіметке енгізілетін болады. Мамыр айында оны Парламентте қарастыру жоспарланып отыр.
Осыған байланысты сарапшылар өз ойларын білдірген. Кинорежиссер, сценарист Сатыбалды Жәлелұлының айтуынша, Қазақстан - кино туралы Заңы жоқ жалғыз ел. "2016 жылы кинематографистер мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік кино саласының тәжірибесін зерттеу бойынша қыруар жұмыс атқарды. Оның нәтижесі кино туралы заң жобасы болды. Заңда отандық киноның өзекті мәселелерін шешудің шаралары көрсетілген. Ұлттық кинематографияны жаңа деңгейге шығару негізінде тұрақты платформаны құру үшін Заң қажет", - деді ол.
Ал "Қазақфильм" АҚ бас продюсері Ахат Ибраев киноиндустрия саласының барлық қатысушылары үшін тиімді жағдайлар жасау қажет дейді. "Кино туралы заң қабылдау - фильмдерді қаржыландыру жүйесінен бастап кинопрокаттың инвестициялық жағымды жағдайларын жасауға дейін өзгертуге мүмкіндік береді. Министрлік әзірлеген кино туралы заң жобасы осы саладағы оң үрдістерге алып келетіні сөзсіз. Мысалы, отандық кадрлардың кәсібилігін арттыру, шетелдің киностудияларымен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу, бірыңғай электрондық жүйені енгізу және т.б. Заң халықаралық нарықтағы ұлттық кинематографияның мәртебесін жоғарылатып қана қоймай, киноиндустрия саласының барлық қатысушылары үшін тиімді жағдайлар жасайды", - деп атап өтті Ибраев.