05 шілде 2017 15:52

Болашақтықтар фильмдерді қазақ тіліне қалай аудару керек екенін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алиса айнаның арғы бетінде" "Алиса айнаның арғы бетінде"

Алматыда қазақша дубляждаған голливудтық 21-ші фильмнің көрсетілімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қазақша дубляждаған голливудтық 21-ші фильмнің көрсетілімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ дубляжының режиссері және фильм мәтінін реттеуші - Шах-Мұрат Ордабаев. Бас кейіпкерлердің дауыстарын актерлер - Заңғар Әбенов, Асылбек Қапаев, Сая Тоқманғалиева, Нүркен Өтеулов, Айнұр Бермұхамбетова және басқалары дыбыстаған.

Ұйымдастырушылар көрсетілім алдында бәрінің қалай басталғанын және Disney студиясында қазақ тілінің 39 ресми тілдердің біріне айналғанын айтты.

"Дауыс іріктеу барынша қатал жүрді, біз дауыстарды ықшамдап жазып алып, олардың барлығын Disney студиясына жіберіп отырдық, қай актерді қандай рөлге бекіту керектігін олар өздері шешті. Әрбір кейіпкер даусы ерекше сүзгіден өтті. Walt Disney 32 үміткердің ішінен "Көлік-2" фильміндегі Мэтрдің қазақ дубляжын үздік деген кезде қазақ дубляжының жүлдегер екені анықталды", - деді дубляж актері Азамат Қанапия.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақша дубляждалған фильмдердің барлығын республикалық телеарналардан, ITunes пен Air Astana компаниясы самолеттері борттарынан көруге болады. Бүгінгі күні екі отандық компания Walt Disney компанияларының фильмдерін дубляждау туралы лицензияны алды, ал 150 шығармашылық және техникалық мамандар студияларда дубляждау бойынша арнайы дәрістен өтті.

"Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бұл жобаға жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, Қазақстан кинематографистерінің "Қазақстан киноөнеріне қосқан үлесі үшін" сыйлығын иеленді. Болашақтықтар қазақша дубляждаған фильмдер қазақстанның ұлттық өніміне айналды және "ҚР Назарбаевтың зияткерлік мектебі" АҚ кітапханаларына оқу ресурсы ретінде ұсынылды. Жоғары сапалы дубляждың арқасында қазақ тіліндегі шетел фильмдерінің қоры қалыптасып, балалар үздік әлемдік фильмдерді ана тілінде көре бастады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети