16 мамыр 2016 09:38

Болливуд режиссері Қазақстанда фильм түсіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Еліміздің көз тартар көрікті жерлері үнді режиссері Джея Бидің жаңа фильмінде көрініс табатын болды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.


Еліміздің көз тартар көрікті жерлері үнді режиссері Джея Бидің жаңа фильмінде көрініс табатын болды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Тілшілердің мәліметінше, ол Астана мен Алматыда екі жастың махаббаты жайындағы фильмінің желісін Арқа төрінде түсіріп жатыр. Былтыр Қазақстанға ресми сапарымен келген Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди еліне оралған соң қазақ даласының тамаша табиғаты, зәулім ғимараттары жайында айтып беріпті. Содан бері режиссер Қазақстанда кино түсіруді мақсат еткен.

"Махаббат мезгілі" деп аталатын фильмнің басты кейіпкерлері үнді актерлері болғанымен, оқиғаның негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі. Режиссер Джея Би әдеиие киноны Еуропада немесе Америкада түсіретінін айтады. "Мен Қазақстанда түсіргім келді. Осы фильм арқылы елдеріңіз әлемге тағы бір танылады деп ойлаймын. Туризм саласының дамуына да түрткі болады. Қазақстанға туристер көптеп келеді. Себебі, сіздердің салт-дәстүрлеріңізбен етене танысқысы келетін адамдар көп. Ал фильмді үш айдан кейін экранға шығаруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети