Борат ролінде ойнаған актер Саша Барон Коэн "Известия" басылымына берген сұхбатында Қазақстанға шақырса, қуана-қуана баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Борат ролінде ойнаған актер Саша Барон Коэн "Известия" басылымына берген сұхбатында Қазақстанға шақырса, қуана-қуана баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналист актермен әңгімесінде АҚШ-тағы қазақ диаспорасының бір бөлігі Саша Барон Коэнді нәсілшіл деп айыптап, фильмді номинанттар тізімінен алып тастау туралы үндеу жасағанын айтты.
"Маған Қазақстанда тұратын қазақтар әзілді түсінеді және Боратты қуана-қуана қабылдағанын айтты", - деп жауап берді Саша Барон Коэн.
Журналист Борат ролін сомдаған актерден Қазақстанға бару туралы ойын да сұрады.
"Шақырып жатса, қуана-қуана барамын", - деді актер.
Бұған қоса, Коэн өзінің "үнемі айыпты болып шығатыны" туралы сұраққа жауап берді. Ол бұл сатирик жұмысының қалыпты бөлігі деп есептейді.
"Бұл талаптардың барлығын сот қабылдамайды, өйткені кез келген елдің заңына сәйкес, сатириктер сотталмайды. Біздің кәсібіміз - сатира жасау. Ол бар және заңды болып есептеледі. Өзінің салық кодексі бар. Егер сатириктер сатира жасауды қойса, онда олар салықты қалай төлейді? Жоқ, соттан қорықпаймын. Керісінше, біреудің сезімін қорлағаным үшін жауапқа тартуға көбірек тырысса, фильм соғұрлым сәтті шығады", - деді Саша Барон Коэн.
Айта кетейік, 1 наурызда "Алтын глобус" 78-киножүлдесінің жеңімпаздары белгілі болды. "Борат-2" фильмі "Үздік комедия/мюзикл" номинациясын жеңіп алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!