15 наурыз 2021 17:19

Браконьерлермен күрес кезінде қаза тапқан қорықшылар туралы фильм түсірілімі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Нұрғалиев, Қаныш Нұртазинов. Фото: © Ospan Ali Ерлан Нұрғалиев, Қаныш Нұртазинов. Фото: © Ospan Ali

Ақмола облысында "Степь" көркем фильмінің түсірілімі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысында "Степь" көркем фильмінің түсірілімі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинокартина браконьерлерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан инспекторлар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновты еске алуға арналады.

Фильм режиссері Максим Акбаров түсірілім кезінде болған оқиғаны баяндап берді. Айуынша, қыста табиғатты түсіріп жүргенде актер жоғалып кеткен.

"Актер режиссерлік топты тыңдамай, батылдық танытып, камера мен құрал-жабдықтарды алып далаға шығып кетті. Ол кезде қатты боран соғып тұрған еді. Құтқару операциясы ұйымдастырылып, бірнеше сағаттан кейін актер табылды", - деді режиссер Максим Акбаров.

Ақмола облысында түсірілім ай соңына дейін жалғасады, ал жаз мезгіліндегі түсірілім Қостанай облысында өтеді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың қаңтарында Қарағанды облысы аумағында болды. Инспектор Ерлан Нұралиев пен Петр Ницыка браконьерлер шабуыл жасады. Салдарынан Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды.

Ерлан Нұрғалиев "Охотзоопромда" жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор болып 2012 жылдан бері жұмыс істеген. Бұған дейін ІІМ органдарында қызмет еткен.

Екінші оқиға 2019 жылдың шілдесінде Ақмола облысында болды. Браконьерлерді қуу барысында "Нива" көлігінен оқ атылып, екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі Қаныш Нұртазинов қаза болды.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети