"Бригада" телехикаясына түскен актер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бригада" телехикаясына түскен актер қамауға алынды Дмитрий Гуменецкий.

"Бригада" телехикаясында Шмид болып ойнаған актер Дмитрий Гуменецкий Мәскеуде 280 келі спайспен ұсталды, - деп хабарлайды LifeNews. Сот Гуменецкийдің туыстары кепіл ұсынса да, актерді қамауға алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бригада" телехикаясында Шмид болып ойнаған актер Дмитрий Гуменецкий Мәскеуде 280 келі спайспен ұсталды, - деп хабарлайды LifeNews. Сот Гуменецкийдің туыстары кепіл ұсынса да, актерді қамауға алды.

43 жастағы актерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өндірді, өткізді және тасымалдады деген айып тағылып отыр, ол 15-тен 20 жылға немесе өмір бойына дейін сотталуы мүмкін.

Айта кетейік, актер 21 қыркүйекте ұсталды. Оның ВАЗ-2112 автокөлігін тінту барысында полицейлер жалпы салмағы алты келідей есірткі заттарын тапты. Үш сағаттан кейін мамандар Гуменецкийдің гаражын тінтіді. Оның пәтері мен гаражынан 280 келіге жуық есірткі табылды. Партия 700 мың долларға бағаланып отыр.

Айта кетейік, Дмитрий Гуменецкий - арнайы жасақтың майоры. Оның актерлік білімі жоқ, алайда ол "Бригада" телехикаясына ғана емес, "Бумер" сынды бірқатар фильмге түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети