Британдық киноакадемия үздік фильмді атады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Мексикалық режиссер Альфонсо Куаронның "Рома" фильмі дауыс беру нәтижесі бойынша "Үздік фильм" номинациясында BAFTA сыйлығының лауреаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық режиссер Альфонсо Куаронның "Рома" фильмі дауыс беру нәтижесі бойынша "Үздік фильм" номинациясында BAFTA сыйлығының лауреаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

Тұсаукесері 2018 жылдың тамызында өткен картинада 1970 жылдары Мехико Рома ауданында тұратын отбасының өмірі баяндалады. Онда алты адамнан тұратын жанұя және фильмнің басты кейіпкері - қызметші қыз Клеоның бастан кешкен оқиғасы көрсетіледі.  

Сондай-ақ, Куарон BAFTA нұсқасы бойынша үздік режиссер атанды. Бұған дейін ол осы фильм үшін АҚШ режиссерлерінің Гильдия (Directors Guild Awards, DGA) бас марапатына ие болған және венециялық екі "Алтын глобус" және "Алтын арыстан" марапатын алған. Сонымен қатар, фильм он категорияда "Оскар" сыйлығына, оның ішінде үздік фильм атағына да үміткер. 

Америкалық актер Рами Малек "Богемская рапсодия" филміндегі Фредди Меркьюри рөлі үшін BAFTA премиясының "Үздік ер адам рөлі" номинациясының лауреаты атанды. 

Үздік актриса марапатын "Фаворитка" фильміндегі Анна ханшайымның рөлі үшін Оливия Колман алды. 

Малектен бөлек "Үздік ер адам рөлі" номинациясына мұның алдында "Алтын глобус" марапатын алған, "Оскар" сыйлығына үміткер Брэдли Купер ("Звезда родилась"), Кристиан Бэйл ("Власть"), Стив Куган ("Стэн и Олли", Stan & Ollie) және Вигго Мортенсен ("Зеленая книга") болды. 

BAFTA - кино өндірісін қолдайтын, дамытатын және насихаттайтын тәуелсіз қайырымдылық ұйымы. Академия Британдық кинорежиссер және сценарист Дэвид Линнің басшылығымен 1947 жылы 16 сәуірде құрылған және ол британдық киноакадемия деп аталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro