20 ақпан 2018 | 15:52

"Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі жобалардың бірі" - Әлия Назарбаева "Томирис" фильмі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ҚАЗАҚФИЛЬМ" АҚ © "ҚАЗАҚФИЛЬМ" АҚ

"Томирис" фильмінің бас продюсері Әлия Назарбаева картинаны түсіру жұмыстарының басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Томирис" фильмінің бас продюсері Әлия Назарбаева картинаны түсіру жұмыстарының басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақфильм" киностудиясының Эксперттік кеңесі алдында "Томирис" фильмінің қорғалымы өтті. Фильмнің өндірісін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясының қатысуымен іске асырады. Түсіру тобы қорғалым барысында дайындық кезеңінде атқарған жұмыстары туралы айтып беріп, өтпелі кезең түсірілімдері, тігілген костюмдер, дайындалған реквизиттер және түсірілім алаңдары туралы баяндап берді.

"Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі тарихи киножобалардың бірі. Барлығымыз да осы жобаға үлкен жауапкершілікпен бар күшімізді салып отырмыз. Фильм арқылы тарихымыз тереңнен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз без Ұлы дала рухын көрсетіп, дүйім көрерменнің көңілінен шығатын туынды түсіреміз деп үміттенемін", - деді Әлия Назарбаева.

Картина режиссері Ақан Сатаевтың айтуынша, Томиристің патшайым болуы фильмге арқау болады.

"Біздің басты мақсатымыз  - б.з.д. V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеген, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, соғыс саясаты және өнерімен әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагетер сынды тайпалар қазақ халқының арғы ата-бабасы екенін дәлелдеу. Бұл фильм қазақ халқының мәдениеті мен дүниетанымының тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдей түседі", - дейді картина режиссері Ақан Сатаев.

Сонымен қатар, танымал кинорежиссер жиналғандарға түсірілген кейбір сахналарды көрсетті. Ол түсірілімдердің ерекшелігі және фильмдегі шайқас көріністерінің түсірілімдері қиын болатынын айтты.

"Фильмнің өтпелі кезең түсірілімдері былтыр желтоқсан айында  Алматы облысының Заречный ауылының маңында жүргізілді. Наурыз айының басында "Қазақфильмнің" павильондарында түсіру жұмыстарын жалғастырып, Томирис патшайымның дүниеге келгенін түсіреміз", - деді режиссер.

Киностудияның баспасөз қызметінің мәліметінше, фильмнің түсіру жұмыстары Қазақстанның басқа да көркем жерлерінде, атап айтсақ, Жаркент, Шонжа, Бурабай мен Баянауылда түсіріледі. Жалпы түсіру жұмыстары төрт айға созылады.

Картинаның продюсері Анна Чакиртова республикалық көлемде өткен кастинг туралы сөз айтты.

"Дайындық кезең сегіз айға созылды. Осы уақыт аралығында біз түсірілім орындарын анықтап, өтпелі кезең түсірілімдерін жүргіздік. Сонымен қатар, Қазақстанның ірі 15 қалаларында республикалық деңгейде кастинг өткіздік. Жалпы кастингке 15000-нан астам адам қатысты. Басты рөлге фотосуреттер бойынша 1500 үміткерлер болды. Кейін бұл сан 200-ге дейін қысқартылды. Іріктеу нәтижесінде массагеттердің патшайымы рөліне Альмира Тұрсын есімді бойжеткен бекітілді. Айта кетсек, бұл оның кинодағы алғашқы рөлі", - деді Анна Чакиртова.

Сондай-ақ, продюсер бүгінгі күні барлық басты рөлдерді сомдайтын актерлар трюктарды қоюшы Жайдарбек Күнғожиновтың "Nomad" жаттықтыру лагерінде дайындалып жатқанын, яғни атқа жайдақ мініп, қару-жарақты асынып, садақ тартып, соғыс өнерінен сауаттарын ашып жатқандарын айтты.

Киностудияның мәліметінше, бұл картинада ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы баяндалады. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады.  Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети