Джон Малкович Астанаға келді

26 Шілде 2017, 12:41
0
Сурет ҚР Білім және ғылым министрлігінен
Сурет ҚР Білім және ғылым министрлігінен

2017 жылғы 26 шілдеде Астанаға танымал голливуд жұлдызы, актер, продюсер әрі режиссер Джон Малкович келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  

Танымал актерді халықаралық әуежайдан ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов және "Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева күтіп алды.

"Еуразия" ХІІІ халықаралық кинофестивалі өз жұмысын жалғастыруда. Бірнеше күннің ішінде бірқатар фильмдер легі қаралды. Жобаға 101 фильм қатысып жатыр. Ал фестиваль аясында жалпы 296 картина ұсынылды. Біздің кинофорумға танымал голливудтық жұлдыздар Николас Кейдж, Эдриан Броуди қатысқан болатын. Ал бүгін танымал голливуд актері Джон Малкович арамызға қосылды. Ол кинофестивальдің жабылу салтанатына келді, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысатын болады. Мен оны біздің талантты жастарды кино әлеміндегі жаңа жетістіктерге ұмтылуға жетелейтініне сенемін", - деді Айман Мұсақожаева өз сөзінде.

Танымал актер Джон Малкович Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр. Бірнеше жыл бұрын ол Алматыдағы Қазақстан-Америка бірлескен кинофестиваліне қатысқан болатын.

"Мен Алматыда 2010 жылы болдым. Ал бұл жылы алғаш рет "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне қатысатын боламын. Бүгін осы жерде болғаныма өте қуаныштымын. Айта кету керек, мен қазақстандық кино жөнінде аз білемін. Дегенмен, Ермек Шынарбаев сияқты қазақстандық танымал кинорежиссерлермен бірнеше рет кездескен болатынмын. Ол мен қатысқан фестивальде өз фильмін ұсынды" - дейді голливудтық жұлдыз Джон Малкович.

Естеріңізге салсақ, "Еуразия" кинофестивалі өз жұмысын 2017 жылдың 22 шілдесінен бастады. Фестиваль 28 шілдеге дейін созылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай