Эмир Байгазин және фильмнің продюсерлері Анна Вильгельми және Алекс Чунг
Белгілі қазақстандық режиссер, сценарист Эмир Байғазиннің "Жаралы періште" атты жаңа жобасы "Берлиндік кинонарық-2014" байқауында неміс-француз ARTE телеарнасының жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының Берлиндегі тілшісі. Телеарна өкілдері қазақстандық шығармашылық топқа алты мың евро көлемінде қаржылай сыйлықтарын қоса берді. Айта кетейік, "Жаралы періште" жобасы бұл байқауға "Берлинале Резиденциясы" жобасын дамыту бағдарламасы аясында 2013 жылы іріктелініп алынған болатын. Қазақстандық режиссер фильм сценариін есімі Еуропаға танымал скрипт-кеңесшілер және киноиндустрия сарапшылардың кеңес беруімен жазып шыққан. Жүлдені табыстау барысында ARTE телеарнасының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Андрэ де Маржери қазақстандық жас режиссердің аса талантты екенін және оның жетекшілігімен жуырда ғана құрылған халықаралық продюсерлер командасының жұмысына көңілі толатынын атап өтті. Ол командаға Бейбітжан Мүслімов, Анна Вильгельми, Алекс Чанг (Швейцария) және француздық "Каприччи филмз" кинокомпаниясы кіріп отыр. "ARTE телеарнасының бұл жүлдесі сапалы дүниенің бағаланғаны болып табылады. Әрине біз де зор қуанышқа бөленіп отырмыз. Бұл ең алдымен дәл қазірде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан біздің командамызға үлкен көмек болып тұр", - деді Эмир Байгазин. "Жаралы періште" фильмі бұған дейін біздің команда түсірген "Асланның сабақтары" жобасының жалғасы іспетті. Бұл екі фильм де кәмелет жасындағы жасөспірімдердің басында жиі кездесетін проблемаларды ашып көрсетуге бағытталған. Мәселен, "Асланның сабақтары" фильміндегі негізгі оқиғалар мектеп қабырғасында түсіріліп, баяндалса, ал "Жаралы періштедегі" оқиғалар сабақ арасындағы демалыс күндері өтеді. Біз қазірдің өзінде басты кейіпкерлерді іріктеп алдық, дәл қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді Эмир Байгазин. Естеріңізге саламыз, "Асланның сабақтары" фильмінде Аслан есімді 13 жасар баланың өзімен жастылар тарапынан қорлауға ұшырап, түрлі қиыншылықтарға тап болатыны, ал уақыт өте келе өзін ренжіткендерді жазалау жоспарын құратындығы баяндалады. 2013 бұл фильм Берлин кинофестивальінде "ең үздік операторлық жұмыс" аталымына іріктелініп алынған болатын. Одан кейін "Асланның сабақтары" түрлі халықаралық кинофестивальде 30-ға жуық жүлдеге қол жеткізген. Атап айтқанда, Эмирдің командасы Сиэтл ХКФ Гран-приін, Базельде, Лозанда, Франция және Словакия елінде өткен халықаралық кинофестивальдардың Гран-приін жеңіп алған.
Белгілі қазақстандық режиссер, сценарист Эмир Байғазиннің "Жаралы періште" атты жаңа жобасы "Берлиндік кинонарық-2014" байқауында неміс-француз ARTE телеарнасының жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының Берлиндегі тілшісі. Телеарна өкілдері қазақстандық шығармашылық топқа алты мың евро көлемінде қаржылай сыйлықтарын қоса берді.
Айта кетейік, "Жаралы періште" жобасы бұл байқауға "Берлинале Резиденциясы" жобасын дамыту бағдарламасы аясында 2013 жылы іріктелініп алынған болатын. Қазақстандық режиссер фильм сценариін есімі Еуропаға танымал скрипт-кеңесшілер және киноиндустрия сарапшылардың кеңес беруімен жазып шыққан.
Жүлдені табыстау барысында ARTE телеарнасының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Андрэ де Маржери қазақстандық жас режиссердің аса талантты екенін және оның жетекшілігімен жуырда ғана құрылған халықаралық продюсерлер командасының жұмысына көңілі толатынын атап өтті. Ол командаға Бейбітжан Мүслімов, Анна Вильгельми, Алекс Чанг (Швейцария) және француздық "Каприччи филмз" кинокомпаниясы кіріп отыр.
"ARTE телеарнасының бұл жүлдесі сапалы дүниенің бағаланғаны болып табылады. Әрине біз де зор қуанышқа бөленіп отырмыз. Бұл ең алдымен дәл қазірде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан біздің командамызға үлкен көмек болып тұр", - деді Эмир Байгазин.
"Жаралы періште" фильмі бұған дейін біздің команда түсірген "Асланның сабақтары" жобасының жалғасы іспетті. Бұл екі фильм де кәмелет жасындағы жасөспірімдердің басында жиі кездесетін проблемаларды ашып көрсетуге бағытталған. Мәселен, "Асланның сабақтары" фильміндегі негізгі оқиғалар мектеп қабырғасында түсіріліп, баяндалса, ал "Жаралы періштедегі" оқиғалар сабақ арасындағы демалыс күндері өтеді. Біз қазірдің өзінде басты кейіпкерлерді іріктеп алдық, дәл қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді Эмир Байгазин.
Естеріңізге саламыз, "Асланның сабақтары" фильмінде Аслан есімді 13 жасар баланың өзімен жастылар тарапынан қорлауға ұшырап, түрлі қиыншылықтарға тап болатыны, ал уақыт өте келе өзін ренжіткендерді жазалау жоспарын құратындығы баяндалады. 2013 бұл фильм Берлин кинофестивальінде "ең үздік операторлық жұмыс" аталымына іріктелініп алынған болатын. Одан кейін "Асланның сабақтары" түрлі халықаралық кинофестивальде 30-ға жуық жүлдеге қол жеткізген. Атап айтқанда, Эмирдің командасы Сиэтл ХКФ Гран-приін, Базельде, Лозанда, Франция және Словакия елінде өткен халықаралық кинофестивальдардың Гран-приін жеңіп алған.