"Ең сұлу" криминалды комедиясы прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ең сұлу" криминалды комедиясы прокатқа шықты Сурет "Қазақфильм" киностудиясы баспасөз қызметінен

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен "Kanaidarproduction" компаниясы түсірген "Ең сұлу" кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фильмнің режиссері - Режиссер Қанағат Мұстафин. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен "Kanaidarproduction" компаниясы түсірген "Ең сұлу" кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фильмнің режиссері - Режиссер Қанағат Мұстафин. 

"Бұл кинотуынды "16 қыз" фильмінің жалғасы емес. Жаңа фильм. Романтикалық комедия жанрында түсірілген "16 кыз" фильмінде басты екі кейіпкер ғана болса, жаңа фильмде тоғыз негізгі кейіпкер бар. Жанры жағынан криминалды комедияға жақын. Бұл "16 қыз" фильмінің кейіпкерлері қатысатын отбасылық көрсетілімге арналған фильм", - деді режиссер Қанағат Мұстафин.

Фильмнің желісі бойынша картинаның басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыңдық іздеп қалаға аттанады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 миллион теңге тұратын Цин әулетінің XIV ғасырдағы құмыраның Ұлттық музейден ұрлануымен қоса өрбиді.

"16 қыз" фильмінің басты кейіпкерлері - Аша Матай мен Берік Айтжановтан басқа жеті негізгі кейіпкерлер бар, оларды Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Фархат Әбдірайымов, Мұрат Бисембин және басқалар сомдайды. Айта кетелік, фильмде комедиялық актер ретінде алғаш киноға түскен әртістер де бар. Олар: актер Қуаныш Долдаев, блогер тележүргізуші Әсел Асқар, теле-радио жүргізуші, шоумен Қазыбек Қасым және әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов).

Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маңдарда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмнің қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасының тоғыз көшірмесін жасаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети